Басты бет / Бокс / КӘСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ ЧЕМПИОНДАР САНЫ БОЙЫНША РЕСЕЙ ЖӘНЕ УКРАИНАМЕН ТЕҢЕСТІК

КӘСІПҚОЙ БОКСТАҒЫ ЧЕМПИОНДАР САНЫ БОЙЫНША РЕСЕЙ ЖӘНЕ УКРАИНАМЕН ТЕҢЕСТІК

Жанат Жақияновтың керемет жеңісінен кейін қазақстандықтар кәсіпқой бокстағы чемпиондар саны бойынша Ресей және Украинамен теңесті.
Қазіргі таңда, үш елдің де кәсіпқой бокста екі чемпионы бар.

Кешегі күнге дейін Қазақстанда тек бір ғана чемпион болған – бұл Геннадий Головкин. Оның еншісінде WBA Super, IBF және WBC титулдары бар. Ал бүгін Жанат Жақиянов аса жеңіл салмақ дәрежесінде WBA Super чемпионы америкалық Роуши Уорренді жеңіп, одан чемпиондық титулын тартып алды. Осылайша, кәсіпқой бокста қазақстандық чемпиондардың саны екіге дейін жетті.

Бұл тізімге Бейбіт Шүменовті де қосуға болар еді. Оның бірінші ауыр салмақ дәрежесінде WBA Regular белбеуі бар. Бірақ бұл тұжырым бойынша суперчемпион – ресейлік Денис Лебедев. Демек, тек Денисті ұтса ғана Бейбіт толыққанды чемпион атанады.
Эдуард Трояновский мен Сергей Ковалевтің жеңілістерінен кейін Ресейде тек екі чемпион ғана қалды. Бұл Денис Лебедев (WBA Super) және Абель Санчестің шәкірті – Мурат Гассиев. Оның еншісінде IBF титулы бар.
Ал Украина елінде екі мықты әлем чемпионы бар — Василий Ломаченко және Александр Усик. Вася екі салмақта да чемпион болып (жартылай жеңіл және екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде WBO чемпионы) үлгерсе, Усик тек былтыр ғана алғашқы чемпиондық титулына қол жеткізді. WBO чемпиондық белбеуі үшін тартыста Александр польшалық Кшиштоф Гловацкийді ұпай шешімімен ұтқан болатын.

Осылайша, ТМД елдерінде кәсіпқой бокстан көшбасшы мемлекеттер Қазақстан, Ресей және Украина екенін аңғаруға болады.
Айта кетер жайт, Жақиянов кәсіпқой бокстан әлем чемпионы атанған төртінші қазақстандық боксшы. Бұған дейін Василий Жиров бірінші ауыр салмақ дәрежесінде IBF чемпионы, Бейбіт Шүменов жартылай ауыр салмақ дәрежесінде WBA чемпионы болған. Сондай-ақ, Геннадий Головкинге орта салмақтың WBA, WBC, IBF белбеулері тиесілі.

Сондай-ақ

АРЛАНДАРДЫҢ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ТОЛЫҚ АҚПАРАТЫ

«Астана Арланс» — «Узбек Тайгерс» WSB матчында кімдер жұдырықтасады? Бокс кешін «Хабар» арнасы тікелей эфирден …