Басты бет / Бокс / ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЛЕМЬЕНІҢ БАПКЕРІНІҢ ҚОЛ АСТЫНДА ЖАТТЫҒАТЫН БОЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЛЕМЬЕНІҢ БАПКЕРІНІҢ ҚОЛ АСТЫНДА ЖАТТЫҒАТЫН БОЛДЫ

TVAsports.ca сайтының мәліметінше, Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (3-0, 3 КО) жаңа бапкердің қол астында жаттығатын болды. Себебі, Садриддиннің ісін жүргізетін «Eye of the Tiger Management» промоутерлік компаниясы жаттықтырушы Стефан Ларуштың қызметінен бас тартқан.

«Қазақ сарбазы» атымен танымал боксшыны енді, жергілікті маман Марк Рэмси жаттықтыратын болады. Рэмси, бұрын орта салмақта Әлем чемпионы болған Давид Лемьенің жаттықтырушысы.

Айта кетсек, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегін 13-ші қазан күні Монреалда (Канада) өткізеді. Қарсыласының есімі әлі белгісіз. Орта салмақта өтетін жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Сондай-ақ

ИСПАНИЯ ВУЭЛЬТАСЫНЫҢ 16-ШЫ КЕЗЕҢІНЕН КЕЙІН МИГЕЛЬ АНХЕЛЬ ЛОПЕС ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ 6-ШЫ ОРЫНДА

Екінші демалыс күнінен кейін бүгін «Испания Вуэльтасы» қайта жалғасын тапты. Кезең Сантильяна-дель-Мар қаласынан басталып, қиынға …