Басты бет / Әлем / «МАН СИТИ» МЕН «БАРСЕЛОНА» КИММИХ ҮШІН € 50 МЛН ҰСЫНУҒА ДАЙЫН

«МАН СИТИ» МЕН «БАРСЕЛОНА» КИММИХ ҮШІН € 50 МЛН ҰСЫНУҒА ДАЙЫН

«Баварияның» және Германия ұлттық құрамасының қорғаушысы Джошуа Киммихқа бірден екі үздік клуб қызығушылық танытып отыр.

Sport Bild басылымының хабарлауынша, 22 жастағы неміс ойыншысына «Манчестер Сити» мен «Барселона» көз тігіп отыр екен. Киммих үшін екі клубта 50 миллион еуро ұсынуға дайын.

Бірақ «Баварияның» спорттық директоры Михаэль Решке өз кезегінде, Киммих үшін 50 миллион еуро аз болатындығын айтып өтті.

Бұған дейін «Манчестер Сити», «Баварияға» Карло Анчелотти бапкерлік етіп жүрген кезде, ойын уақытын азырақ алған Киммихты екі мәрте сатып алуға тырысқан еді. Алайда, бұл трансферлік ауысым жүзеге аспады.

Сондай-ақ

«ТОТТЕНХЭМ» «РЕАЛ МАДРИДТІ» ҰТТЫ

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 4-ші туры аясында өткен ойында, «Тоттенхэм» өз алаңында «Реал Мадрид» командасын …