Басты бет / Соңғы жаңалықтар / ФУТБОЛДАН ПРЕЗИДЕНТ КУБОГЫ ТАЛҒАРДА ӨТЕДІ

ФУТБОЛДАН ПРЕЗИДЕНТ КУБОГЫ ТАЛҒАРДА ӨТЕДІ

Қазақстан футбол федерациясының Талғар қаласында (Алматы облысы) орналасқан ұлттық құрамалар базасында 4-8 қыркүйек аралығында футболдан 10-шы Халықаралық жасөспірімдер турнирі —  «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» өтеді. Турнирге 17 жасқа дейінгі футболшылар қатысады.

12 тамыз күні өткен жеребе қорытындысы бойынша қатысушылар екі топқа бөлінді:

А  тобы                                                                                                  В тобы

Қазақстан                                                                                              Қырғызстан

Түркіменстан                                                                                        Тәжікстан

Албания                                                                                                 Ресей

Грузия                                                                                                     Өзбекстан

— Турнир осымен оныншы рет ұйымдастырылады. Жыл сайын жарысқа турнирде биік мақсаттар қоятын мықты құрамалар келеді. Ал, 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне дайындық жүргізеді. Сол себепті Президент Кубогының ойындарын Талғардағы табиғи алаңда өткізуді жөн деп шештік. Талғардағы база барлық жағдай жасалғандықтан, қатысушыларға ұнайды деп үміттенеміз. Осы сәтті пайданалып, барлық жанкүйерлерді осы турнирге шақырамыз. Ал, қатысушы командаларға сәттілік тілеймін!, — дейді Қазақстан футбол федерациясының спорт директоры Игорь Утробин.

Турнир күнтізбесі:

 4 қыркүйек, 1 ойын күні (Талғардағы ұлттық құраманың базасы):

10:00 – Қырғызстан – Тәжікстан;

12:00 – Ресей – Өзбекстан;

14:00 – Албания – Грузия;

17:00  Турнирдің ресми ашылу салтанаты (Талғардағы ұлттық құраманың базасы);

17:30 – Қазақстан – Түркіменстан.

 

5 қыркүйек, 2 ойын күні (Талғардағы ұлттық құраманың базасы):

10:00 – Ресей – Қырғызстан;

12:00 – Өзбекстан – Тәжікстан;

14:00 – Грузия – Түркіменстан;

17:30 – Қазақстан – Албания.

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАН АУЫР АТЛЕТИКА ҚҰРАМАСЫ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖАРЫСТАРДАН ШЕТТЕТІЛДІ

Қазақстан ауыр атлетика құрамасы ресми түрде бір жылға барлық бәсекелерден шеттетілді. Бұл туралы Халықаралық ауыр …