Басты бет / Басқа түрлер / ФУТБОЛДАН АРДАРГЕРЛЕР ЛИГАСЫНЫҢ БІРІНШІ АЙНАЛЫМЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ФУТБОЛДАН АРДАРГЕРЛЕР ЛИГАСЫНЫҢ БІРІНШІ АЙНАЛЫМЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бүгін Алматыда ардагерлер лигасының бірінші айналымы аяқталды. «Зоовет»стадионының футбол алаңы 40 жастан жоғары футбол әуесқойларының басын қосты. Әдеттегідей, жарысқа 10 команда, 300 ардагер қатысты.

Теңбіл доп-додасына тек кәсіпқой футболшылар, спорт ардагерлері емес, сонымен қатар, спортқа ешқандай қатысы жоқ әуесқойлар да доп тебеді. Қатысушылардың айтуынша, олар осылайша сенбі күндері демалады, тынығады. Сонымен қатар, олардың бір-бірімен араласып, уақытты спортпен, сүйікті ісі – футбол ойнауға мүмкіндіктері баршылық.

Ерік Нұрланов, «Номад» командасының ойыншысы:

— Біз бүгін «Анадолу» түрік командасымен ойнадық. Өкінішке орай, екі доп айырмасынмен ұтылдық.Қарсыластарымыз бізден мықты болып шықты. Алайда, біз өкінбейміз, келесі айналымда жеңеміз деген үміттеміз. Жалпы, біз үшін бұл жарыс емес, демалып, тынығудың бір әдісі. Ұтсақ та, ұтылсақ та ойыннан ләззат аламыз. Барлық қатысушыларға алғысым шексіз. Демалыс күндері уықытын бөліп, бізбен өткізгені үшін рахмет!

Әлбетте, мұнда тек футбол шеберлері ғана емес, футбол әуесқойлары да бар. Олар негізгі кәсібімен қатар, футболмен айналысады, сүйікті ісі десек те болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылардың басым бөлігі футбол әуесқойлары, ал қалғандары, отыз пайызы ғана кәсіпқой ойыншылар.Сондай-ақ, әр команда құрамында үш футбол шебері болуы міндетті. Соның бірі, атақты футболшы, бұрынғы «Қайрат» командасының ойыншысы, өз ісінің шебері Асхат Қадырқұлов.

Асхат Қадырқұлов, «Арлан» командасының ойыншысы:

— Біз өз қарсыластарымызды жеңдік. «Таймас» футболшыларымен ойнадық, ойын 3:0 есеппен аяқталды. Біздің ұжым тәжірибиелі, мықты ойыншылардан құралған. Біз допты бақылап, үш гол сала алдық, өз жоспарымызды іске асырдық деп ойлаймын. Осындай өзіміздің чемпионатымыздың бары қуантарлық жайт. Барлық қолдаушыларға алғысымыз шексіз!

Айта кетсек, бұл чемпионат Қазақстан бойынша Алматыда ғана өткізіледі. Бүгін бірінші айналым аяқталады. Демалыстан соң, шілденің бірі күні екінші айналым басталады. Чемпиондар қыркүйекте белгілі болады.

Назарларыңызға бүгінгі ойындардың нәтижесін ұсынамыз:

Номад – Анадолу – 2:0

Достар – Легион – 2:4

Каскелен-Локомотив – 2:4

Таймас – Арлан – 0:3

Алма-ата – Тенгиз – 2:0

Сондай-ақ

ГАРРОС — ШВЕДОВА БІРІНШІ АЙНАЛЫМНАН АСА АЛМАДЫ

Парижде өтіп жатқан Франция ашық чемпионаты — Ролан Гаррос турнирінің бірінші айналымында Қазақстанның екінші, әлемнің …