Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Джиу-Джитсу / ДЖИУ-ДЖИТСУ — АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН 30 МЕДАЛЬ!

ДЖИУ-ДЖИТСУ — АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН 30 МЕДАЛЬ!

11-14 тамыз күндері Вьетнам астанасы Ханой қаласында джиу-джитсу спортынан Азия чемпионаты өтті. Екі күнге созылған сайыста құрлықтың 20 мемлекеті өзара мықтыны анықтады. Қорытындысында Қазақстандық спортшылар 30 медаль еншіледі.

Жарыстың алғашқы күні джиу-джитсудың файтинг түрі бойынша үздіктер іріктелді. 56 келіде Елдос Қабденов қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды. Алматы облысының спортшысы әлем чемпионы екенін Азия құрлығында абыроймен қорғап, алғашқы алтынды қоржынға салды.

Үш бірдей Маңғыстау облысының спортшылары: Жәнібек Әбу-Бәкір (62 кг), Есболов Нұрлан (77 кг) және Тлепова Әлия (70 кг) ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.

Файтинг бойынша қола жүлделер саны жетеу: Қонысов Қуандық (56 кг), Беркімбай Рүстем (52 кг), Дүйсенқұлов Нұрлан (69 кг), Хамзе Баккуар (69 кг), Нұрмұханбетов Сапармұрат (77 кг), Есенеев Қуандық (85 кг) және Ниғматуллаева Айбану (55 кг).

Аралас жұптық бәсекеде Елькеева Альмира мен Сағадиев Елдос қола медаль еншіледі.

Жарыстың екінші күні неваза мен комбат түрлері бойынша сайыстар өтті. Комбат түрі бойынша Қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп, үш алтын медаль иеленді. 62 келіде ОҚО-лық Қасымбаев Қалдар, 69 келіде Астаналық Хамзе Баккуар және 85 келіде Алматылық Есенеев Қуандық тұғырдың биігінен көрінді.

Төрт спортшымыз финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды: Әлжанов Еламан (62 кг), Есполов Нұрлан (77 кг); Дүйсенқұлов Нұрлан (69 кг); Ауданбаев Дәурен (94 кг).

Жеті спортшы қола жүлдегер: Қонысов Қуандық (56 кг), Нортаев Дархан (62 кг); Алдияров Альберт (77 кг); Есенеев Қуандық (85 кг); Гаврилюк Андрей (85 кг), Мекенбаева Мөлдір (55 кг), Ким Нина (70 кг). Алдияров Альберт абсолютті салмақ дәрежесінде бағын сынап, қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, джиу-джитсудан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия құрлығында жалпы саны 30 медаль иеленіп отыр. Ендігі сайыс қыркүйек айында өтетін жабық кешендегі Азия ойындары болып табылады.

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …