Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Ауыр атлетика / АУЫР АТЛЕТИКАДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ ТАБЫСТЫ ӨТТІ

АУЫР АТЛЕТИКАДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ ТАБЫСТЫ ӨТТІ

Непал елінің Катманду қаласында ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтуде.

Жарыстың үшінші күні спортшыларымыз үшін өте табысты болды.

«Б» тобында сайысқа түскен Құмарбекова Гүлжан жасөспірімдер арасында 75 келіде  206 (87+119) келіні бағындырып, қола жүлдегер атанды. Аса ауыр салмақта сынға түскен Айзада Муптильда  241 (105+136) келіні бағындырып, күміс жүлде иегері атанды.

77 келі салмақта жасөспірімдер арасында 296 (136+160) келіні бағыныдырған Асылжан Бектай қола жүлде еншіледі. Ал 20 жасқа дейінгі жастар арасында Дмитрий Макеев  320 (140+180) келімен екінші орынға жайғасты.

 

Сондай-ақ

ҚУАТ ХАМИТОВТЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ҚАРАША АЙЫНЫҢ СОҢЫНДА ӨТЕДІ

Қуат Хамитов Алматыда Конор МакГрегордың спарринг-серіктесімен жекпе-жегі ресми түрде жарияланды. 26-шы қарашада «Алматы-Аренада» ғаламат шоу …