Басты бет / Кәсіпқой бокс / Геннадий Головкин / МАЙҚҰДЫҚТА ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН АТЫНДАҒЫ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

МАЙҚҰДЫҚТА ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН АТЫНДАҒЫ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ


Бүгін Қарағандыда Геннадий Головкин атындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылды. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кешеннің ашылу салтанатына қатысты

Спорттық секцияларға қатысуға келген жас спортшылар жаңа кешендегі өздерінің алғашқы жаттығуларын атақты спорт шеберлерімен бірге өткізді.

Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені Майқұдықтағы Белинский көшесінің бойында бой көтерді. Нысанның құрылысы 2014 жылы басталған болатын. Үш қабатты нысанның жалпы ауданы — 2384,3 шаршы метрді құрайды.

Кешен «Спорт нысандарын дамыту» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда. Игі жоба халықтың салауатты өмір салтын ұстануын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …