Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / «АЗИЯ БАЛАЛАРЫ» ОЙЫНДАРЫ. ҚАЗАҚСТАН — ҮШІНШІ

«АЗИЯ БАЛАЛАРЫ» ОЙЫНДАРЫ. ҚАЗАҚСТАН — ҮШІНШІ

Ресей Федерациясы, Саха Республикасында «VI Азия балалар» ойындары мəресіне жетті. 10 күн бойы өткен балалар олимпиадасына 35 елден 2841 спортшы қатысты. 22 спорт түрі бойынша жалпы саны 221 медаль сарапқа салынды. 
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы Сібір (114) мен Саха (97) республикаларынан кейін 89 медальмен үшінші орынды иеленді.

25 алтын ( бокс-5, еркін күрес-5, дзюдо-3, пауэрлифтинг-2, таеквондо-2, кураш-2, мылтық ату-2, көркем гимнастика-1, самбо-1, жеңіл атлетика-1, ыстанг-Якут халқының ұлттық ойыны-1)

28 күміс ( еркін күрес-8, бокс-7, пауэрлифтинг3,көркем гимнастика-3, таеквондо-2, мылтық ату-2, жеңіл атлетика-2, жүзу-2, дзюдо-2, пауэрлифтинг-1)

36 қола (дзюдо-7, еркін күрес-5, бокс-4, самбо-4, жеңіл атлетика-4, мылтық ату-3, көркем гимнастика-2, таеквондо-2, кураш-2, жүзу-2, мас-ретлинг-1)

Жарыстың ашылу салтанатында «VI Азия балалар» ойындары ойындарының жалауын және Қазақстанның көк туын боксшымыз Дамир Тойбай алып шықты. Жас боксшымыз ел сенімін ақтап, алтын медаль еншіледі. Аса ауыр салмақтағы өренімізге шаршы алаңда тең келер ешкім болмады.

Бұл ойындардан жас спортшымыз түлеп ұшып, өздерінің ең алғашқы ірі бәсекелерінде бақ сынайды. «Азия балалар» ойындарының тарихы 24 жылға жетті. Осы арада сайыстың құрмет тақтасына отандастарымыз, дзюдодан әлем чемпионы Максим Раков, еркін күрестен Азияның бірнеше дүркін чемпионы Спиридонов Леонид, көркем гимнастикадан Азия құрлығының абсолютті чемпионы Анна Алябьева есімдері ойып тұрып орын алған. Төрт жыл бұрынғы ойындарда жұлдегер атанған спортшыларымыз бүгінде ұлттық құраманың мүшелері. Мысалы осы доданың жеңімпазы Абылайхан Жүсіпов араға төрт жыл салып ересектер арасындағы олимпиада ойындарында ел намысын қорғамақшы.

Ендігі 2020 жылы «VIІ Азия балалар» ойындары Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтеді.

Сондай-ақ

«СПОРТ МЕНІҢ АУЛАМДА» КЕЛЕР ЖЫЛЫ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСАТЫНДАР САНЫ 15000 АДАМҒА ЖЕТЕДІ

«Спорт менің ауламда» жобасының басшысы: 2018 жылыспортпен айналысатындар саны 15 мың адамға жетеді 2017 жылы …