Басты бет / Кәсіпқой бокс / «КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ» МӘСКЕУДЕ БӘРІ БАСҚАША БОЛМАҚ

«КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ» МӘСКЕУДЕ БӘРІ БАСҚАША БОЛМАҚ

Қазақ боксшылары рингке көтерілгенде бірнеше рет «Көк тудың желбірегені» әнін еститінмін. Содан боксшылар шабыт алып, үлкен намысты оятатын әннің төңірегінде шаршы алаңға көтерілетін. Бұл әннің авторы Ибрагим Ескендір екені бәрімізге белгілі. Өнер сахнасында көк туды желбіретіп жүрген әншіміз енді бокс шаршы алаңында туымызды желбірету ниетінде. Бұл жолы әнші ретінде емес, кәсіпқой боксшы ретінде.

9-шы  желтоқсан Мәскеу қаласындағы Бокс Академиясында үлкен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Кеш төңірегінде Ибрагим Ескендір дебюттік жекпе-жегін өткізбек. 168 фунтта жұдырықтасатын боксшымыздың қарсыласы Қырғызстандық Шерғазы Сақтанов. Айта кету керек, қос боксшы да кәсіпқойлар арасындағы алғашқы кездесуін өткізбек. Бірақ Қырғызстандық спортшының ММА-ден әлем чемпион екенін ескерген жөн.

Ибрагим Ескендір ұзақ уақыт бойы Көкшетау қаласында кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов және Ақтөбелік Нұртас Әжбеновпен бірге жаттығу жиынын өткізген. Бұл туралы боксшының жаттықтырушысы Жалғас Тукешов айтып отыр.

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …

Добавить комментарий