Басты бет / Қысқы спорт / ДЕНИС ТЕН «2016 Skate America» ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСАДЫ

ДЕНИС ТЕН «2016 Skate America» ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСАДЫ

 

«Kazsport» Денис Тен қатысатын «2016 Skate America» турнирін тікелей эфирде көрсетеді

21-23 қазанда АҚШ-тың  Чикаго қаласында мәнерлеп сырғанаудан атақты «2016 Skate America» Гран-При турнирі өтеді. Бұл сынға 12 мемлекеттен 58 спортшы қатыспақшы. Оның арасында отандасымыз, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенде бар.

Қазақстандықтар «2016 Skate America» турнирін тікелей эфирде «Kazsport» арнасынан көре алады.
Айта кетейік, Денис Тен бұл жарысқа қатысуы бірінші рет емес. 2014 жылы Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері төртінші нәтижені көрсетсе, 2015 жылы тоғызыншы орынға ие болды.
Осы жылы Денис Джейсон Браун (АҚШ), Татсуки Мачидо (Жапония), Нам Нгуен (Канада) мен Цзинь Боянмен (Қытай) жүлделі орындарға таласады.
Көрсетілімдер кестесі:
22 қазан
07:45 Skate America. Жұптар. Қысқа бағдарлама. Live
23:50 Skate America. Ерлер. Қысқа бағдарлама. Live
01:45 Skate America. Әйелдер. Еркін бағдарлама. Live
23 қазан
05:45 Skate America. Мұз үстіндегі би. Live
07:25 Skate America. Жұптар. Еркін бағдарлама. Live
22:15 Skate America. Ерлер. Еркін бағдарлама. Live
00:30 Skate America. Мұз үстіндегі би. Live

Дения Теннің былтырғы жылғы «Skate America» турниріндегі өнерін тамашалаңыздар:

Сондай-ақ

ИБРАГИМ ЕСКЕНДІР РЕСЕЙЛІК БОКСШЫНЫ ТІЗЕ БҮКТІРДІ

Танымал қазақстандық әнші Ибрагим Ескендір кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ресей астанасы Мәскеуде өткен …