Басты бет / Басқа түрлер / ДИНАРА САДУАҚАСОВА ОРТА АЗИЯНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ДИНАРА САДУАҚАСОВА ОРТА АЗИЯНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Ташкентте шахматтан ( ФИДЕ) Орта Азияның чемпионаты мәресіне жетті. Әйелдер арасындағы сайысқа Қазақстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінен 15 шахматшы қатысты.

Жалпы есепте Қазақстандық спортшылар екінші орын алды. Жарыс қорытындысы бойынша әйелдерге 1, ерлерге 2 әлем чемпионатына жолдама таратылды.

Динара Садуақасова жеңіске жету үшін Өзбекстандық Тохиржановамен таласқа түсті. Ақтық сында Динара 2:0 есебімен ұтып, 2018 жылғы әлем чемпионатына жолдама ұтып алды. Айта кету керек, бұдан бұрын Гүлісхан Нахбаева Азия чемпионатында топ жарып, әлем чемпионатына жолдама ұтып алған болатын.

Ерлер арасында тартыс қызық өтті. 6 елден 32 гроссмейстер қатысты. Өкінішке орай, барлық жарыс кезеңінеде көшбасшы болып келе жатқан отандасымыз Петр Косттенко ақтық кезеңде өзбек қарсыласына есе жіберіп, үшінші орынды қанағат тұтты.

Сондай-ақ

ЖАСТАР СЕНІМДІ АҚТАМАДЫ

Финляндияның Тампере қаласында еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы бұл …