Басты бет / Кәсіпқой бокс / ДИМАШ НИЯЗОВ ДЖЕЙКОБСТЫҢ БОКС КЕШІНДЕ ШАРШЫ АЛАҢҒА ШЫҒАДЫ

ДИМАШ НИЯЗОВ ДЖЕЙКОБСТЫҢ БОКС КЕШІНДЕ ШАРШЫ АЛАҢҒА ШЫҒАДЫ

Нью-Йорктің үздік полицейі, әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Димаш Ниязов АҚШ-та өтетін бокс кешіне катысады.

Басты жекпе-жегі Джейкобс пен Ариас арасындағы бұл керемет шоу 11 қарашада әйгілі Нассау Ветеранз Мемориал Колизеум аренасында өтіп, HBO арнасынан көрсетілетін болады. Қазір Димаш Бруклиндегі полиция учаскесінде жұмысымен қатар, жекпе-жекке дайындықты қарқынды жүргізіп жатыр. Оны әкесі Исмат Ниязов жаттықтырып жүр.

Еске сала кетейік, Димаш кәсіби рингте 12 жекпе-жек өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған. Ол соңғы рет қыркүйектің 9-ы күні Астанадағы кәсіби бокс кешінде өнер көрсетіп, бразилиялық боксшыны жеңген еді. Ал, Димаштың алдағы жекпе-жектегі қарсыласы жақын арада белгілі болады.

Ақпарат көзі: 24.kz

Сондай-ақ

«СПОРТ МЕНІҢ АУЛАМДА» КЕЛЕР ЖЫЛЫ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСАТЫНДАР САНЫ 15000 АДАМҒА ЖЕТЕДІ

«Спорт менің ауламда» жобасының басшысы: 2018 жылыспортпен айналысатындар саны 15 мың адамға жетеді 2017 жылы …