Басты бет / Бокс / АЛТЫ ЖЫЛДА ГОЛОВКИНГЕ ТЕҢ КЕЛЕР БОКСШЫ ТАБЫЛМАЙДЫ

АЛТЫ ЖЫЛДА ГОЛОВКИНГЕ ТЕҢ КЕЛЕР БОКСШЫ ТАБЫЛМАЙДЫ

Геннадий Головкин 40 жасқа толмайынша оған тең келер ешкім табылмайды.

Blacksportsonline.com спорт порталы Қазақстандық кәсіпқой боксшының спорттық мүмкіндігіне баға берді.

«Бокс жанкүйерлері Мэйвезер — Пакьяо арасындағы жекпе-жектен гөрі Головкин мен Билли Джо Сондерс арасындағы кездесуді асыға күтіп жүр. Бірақ Головкин қазір өте жақсы формада. Сондықтан онымен жұдырықтасқысы келетін боксшы жоқ. GGG-мен тең келер боксшы алты жылда табыла қоймас», — делінген порталда.

36 жасар кәсіпқой боксшымыз 36 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Оның келесі қарсыласы ретінде Дэниэл Джейкобс танылып отыр. Кездесу наурыз айына жоспарланған.

Сондай-ақ

ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДА КОМИТЕТІ ТАҒЫ ҮШ ҚАЛАҒА СПОРТТЫҚ АЛАҢДАР ТҰРҒЫЗДЫ

Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитеті бұқаралық спортты дамыту мақсатында еліміздің түкпір-түкпіріне спорттық алаңдар тұрғызуды қолға алғанын …