Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫНДА ДЕМЕУ ЖАДЫРАЕВҚА КӨЛІКТІҢ КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫНДА ДЕМЕУ ЖАДЫРАЕВҚА КӨЛІКТІҢ КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Елімізде Конфедерация Кубогының іріктеу кезеңі жалғасуда. Турнир аясында таеквондо, дзюдо, еркін және грек-рим күресінен жарыстар өтті.

Бүгін Талдықорған қаласында «А» тобының іріктеу кезеңі мәоесіне жетті. Онда Алматы, Павлодар, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары сынға түсті. Сайыстың ашылу салтанатына Күш қолданылатын спорт түрлері және Алматы облысының басшылары қатысты.

Өз жерлерінде Алматы облысы еркін және грек-рим күресі мен таеквндодан қарсылас шақ келтірмей, Конфедерация Кубогының финалына жолдама алды. Айта кету керек, Алматы облысы құрамасы тәжірбиелі спортшылардан құралған. Мысалы 2017 жылғы Франция астанасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев және Азия ойындарының 2 дүркін жеңімпазы Нұрмахан Тінәлиев бар.

Конфедерация Кубогы додасының аясында спорт жанашырлары мен кәсіпкерлер әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа көліктің кілтін табыс етті.

Дзюдо күресінің жарыстары да өте тартысты өтті. Ақтық сында Павлодар мен Атырау құрамалары сынға түсіп, Атырау облысы 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Енді ақтық кезең 2-3 желтоқсан күндері Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтетін болады. Сайыстың жалпы жүлде қоры 125 млн теңге.

Сондай-ақ

ЕСКЕК ЕСУШІЛЕР АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНДА БІРІНШІ

15-18 қазан аралығында Қытай елінің Шанхай қаласында ескек есу спортынан Азия чемпионаты өтті. Қазақстандық спортшылар …