Күрес

КАҺАРМАН ҚИСМЕТОВ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

  Францияның Маконе қаласында күрес түрлері бойынша жастар арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Жарыстың екінші күні жерлесіміз Қаһарман Қисметов күміс жүлдегер атанды. Грек-рим күресі бойынша 66 келі салмақтың іріктеу сайысында Қаһарман Болгария балуанын 2:1 есебімен ұтты. Өте тартысты өткен бәсекеде Түрік балуанын 4:3 есебімен жеңді. Ал Әзірбайжандық қарсыласын 7:1 есебімен қапы қалдырды. …

толық оқу»

ТЕМІРЛАН ШАДУКАЕВ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

  Францияның Маконе қаласында күрес түрлері бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Жарыстың алғашқы күні жерлесіміз Темірлан Шадукаев қарсылас шақ келтірмей, әлем біріншілігінің чемпионы атанды. 74 келі салмақта Темірлан іріктеу кезеңдерінде Өзбек және Жапон балуандарын уақытынан бұрын жеңді. Латвиялық балуанды 5:3 және Венгрия балуанын 3:3 есебімен ұтты.Финалдық белдесуде Румыниялық Георгий Влад Мариэні …

толық оқу»

ЕРКІН КҮРЕС БАЛУАНДАРЫ ЖҮЛДЕСІЗ ҚАЛДЫ

  Рио Олимпиадасындағы еркін күрес бойынша бәсекелер мәресіне жетті. Өкінішке орай жарысқа үкілеп қосқан төрт балуанымыз да жүлдесіз қалып отыр. 86 келі салмақта ел намысын Аслан Кахидзе қорғаған болатын. Ол алғашқы белдесуінде-ақ Беларусь балуаны Омаргаджи Магомедовке 7:11 есебімен есе жіберді. Өз кезегінде Омаргаджи Магомедов 1/8 финалда Америкалық балуан Майкл Коксаға 1:7 есебімен ұтылып, …

толық оқу»

ЕРКІН КҮРЕС БАЛУАНДАРЫ ЖҮЛДЕСІЗ ҚАЛДЫ

  Еркін күрес бәсекелері бойынша алғашқы жүлделер сарапқа салынды. Өкінішке орай қос балуанымыз жүлдесіз қалды. 57 келі салмақта Нұрислам Санаев алғашқы кездесуінде 1/8 финалда  балуан грузиялық Владимир Хинчегашвилимен кездескен. Өкінішке қарай, Нұрислам қарсыласына 3:4 есебімен жол берді. Грузин балуанының финалға шығуына байланысты Нұрисламға жұбаныш кездесін өткізетін мүмкіндік туды. Бірақ ол Әзірбайжандық Гаджи Алиевтан …

толық оқу»

БАЛУАН ҚЫЗДАРДЫҢ ЕРЛІГІ

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Рио олимпиадасында тамаша табыстарға жетті. 38 жаста болса да, спорттан алшақтамай жүрген балуан қыз бар. Бұл оның үшінші олимпиадасы. Ол кім болды десеңіз, айтайық. 75 келіде белдесетін Гюзель Манюрова күміс жүлделі болды. Еркін күрестен қыздар құрамасының ең тәжірибелі спортшысы Гюзель финалда канадалық Эрика Уибеден 0:6 есебімен жеңілді. …

толық оқу»

КҮРЕСТЕН ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНҒАН ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ

  Қыздар арасындағы күрестен Олимпиада жүлдесін тұңғыш қазақ қызы  Эльмира Сыздықова иемденді. 69 келі салмақта сынға түскен балуан қызымыз 1/16 финалда ресейлік қарсыласы Наталья Воробьеваға 4:1 есебімен жеңіліп қалды. Воробьеваның финалға жетуі Сыздықоваға жұбаныш белдесуіне мүмкіндік сыйлады. Екінші жұбаныш белдесуінен бастаған Сыздықова моңғолиялық Қарсыласы Очирбатын Насанбурмааны 3:2 есебімен ұтты. Қола үшін болған кездесуде …

толық оқу»

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЖҮЛДЕ ЖОҚ

  Рио Олимпиадасы грек-рим күресінің шеберлері үшін сәтсіз аяқталды. Жарыс жолына шыққан үш балуанымыз да жүлдесіз қалды. Аса ауыр салмақта өнер көрсететін балуанымыз Нұрмахан Тінәлиев қарсыласы неміс спортшысы Эдуард Поптанға 1:0 есебімен жол берді. Балуанымыз еш мүмкіндіксіз сайысты аяқтап отыр. Айта кетейік, кеше грек-рим күресінен екі балуанымыз Алмат Кебісбаев пен Досжан Қартықов ұтылып қалған …

толық оқу»

ГЮЗЕЛЬ МАНЮРОВА: ҚАРСЫЛАСТАРЫМНЫҢ ОСАЛ ТҰСТАРЫН БІЛЕМІН

Әйелдер арасындағы еркін күрестен еншімізде 4 лицензия бар. Арасындағы ең тәжірибелісі — Гюзель Манюрова. Гюзель 2004 жылғы Еуропа біріншілігіне Ресей атынан қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Афины Олимпидасының күміс жүлдегерін иеленді. 2005-2007 жылдары Ресейдің екі дүркін чемпионы атанды. Гюзель 2010 жылы азаматтығын ауыстырып, Халықаралық жарыстарға Қазақстан атынан қатысты. Осы 6 жылдың …

толық оқу»

АҚПАРАТТЫҚ СЫЗБАЛАР. КҮРЕС ТҮРЛЕРІ. БЕС ОЛИМПИАДА — 14 ЖҮЛДЕГЕР

Төрт жылдықтың басты додасы келіп жетті. Жаңа тарихтар мен осыған дейін көмескіленіп келген есімдердің күллі әлемге жарқ ете қалатын сәті. Әдеттегідей спортшыларымыздың жолына үлкен үмітпен қараймыз. Рио-де Жанейроға кеткен балуандарымызға биыл артылған сенім мен үміт мол. Екінші Олимпиадаларына кеткен Нұрмахан Тінәлиев пен Алмат Кебісбаев, Дәулет Шабанбай, Гүзел Манюрова сынды балуандарымызға …

толық оқу»

ЕРКІН КҮРЕС БАЛУАНДАРЫНЫҢ РЕЙТИНГІ ЖАҢАРДЫ

  Халықаралық күрес федерациясы Рио олимпиадасы алдындағы еркін күрес балуандарының рейтингісін жаңартты. Бұл жаңарған рейтинг бойыншы үздік 20-лыққа Қазақстандық 8 балуан еніп отыр. 57 кг. Нұрислам Санаев (АртасСана) 8 орын. 61 кг. Дәулет Ниязбеков 2 орын. 70 кг. Нұрлан Бекжанов 11 орын. 70 кг. Азамат Өміржанов 20 орын. 74 кг. …

толық оқу»