Басты бет / Допинг / ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА РЕКОРДТАРЫ ҚАЙТАДАН ЕСЕПТЕЛЕ МЕ?

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА РЕКОРДТАРЫ ҚАЙТАДАН ЕСЕПТЕЛЕ МЕ?

 

Халықаралық спорттық баспасөз қауымдастығының басшысы (AIPS) Джанни Мерло Халықаралық жеңіл атлетикалар қауымдастығының президенті (IAAF) Себастьян Коуға жеңіл атлетикадан барлық рекордтарды жоққа шығаруды ұсынды. Ашық хаттың мәтіні жайлы 3-ші желтоқсанда AIPS сайтында жарияланды. 

Джанни Мерло: «Меніңше, жеңіл атлетика бойынша әлемдік рекордтар кітабын жауып тастап, жаңасын ашатын уақыт жетті. Мұндай қажеттіліктің туындап отырған себебі — көптеген Олимпиада чемпиондары мен рекордшылары өздерінің марапаттарынан допингтің кесірінен айырылуда.Сол себепті енді жеңіл атлетиканың жаңа кезеңін ашса керемет болар еді. Ол болашақ буынның үмітін оятар еді».

Айта кетейік, 2016 жылдың қаңтар айында тура осындай ұсынысын Ұлыбританияның жеңіл атлетика федерациясының президенті Эд Уорнер мен Олимпиада ойындарының чемпионы Донован Бэйли білдірген болатын.

Өз кезегінде қауымдастық бұл мәселені талқылайтындарын айтты. Барлық нәтижелерді жауып, қайтадан рекордтар тізімін ашатын болсақ зардапты таза спортшылар шегеді. Адал еңбегімен жеңіске жеткен атлеттер еңбегін бағалай білуіміз керек, — делінген Халықаралық ұйымның баспасөз хаттамасында.

Сондай-ақ

ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ҚЫР АСТЫНДА

XXIII қысқы Олимпиада ойындарының басталуына да бір айға жетер-жетпес уақыт қалды. Нақтырақ айтар болсақ, байрақты …