Басты бет / Бокс / Әйелдер боксы / ЕРІК ӘЛЖАНОВ ПРЕЗИДЕНТ КУБОГЫНДА ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ

ЕРІК ӘЛЖАНОВ ПРЕЗИДЕНТ КУБОГЫНДА ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ

Бүгін 7 маусым күні ҚР Президентінің Кубогінде жартылай финалға қатысатын боксшылардың негізгі құрамы іріктелді.

Бүгін алғашқы болып ринг төрінде жұдырықтасқан бұрымдылар арасында 60 кг салмақ дәрежесінде Римма Волосенко мен филиппиндық Ретекио Нестхи келесі айналымға өтіп, 9 маусым күні ресейлік Людмила Орлова мен отандасымыз Карина Ибрагимова  финалға жолдама алу үшін кездеседі. 75 кг салмақ дәрежесінде Фариза Шолтаймен жартылай финалда Дарина Сандакова шықса, Олимпиаданың жүлдегері Дариға Шәкімова  Виолетта Князеваны жеңген үндістандық Ловлина Боргохаинмен кездеседі.

Ерлерге тоқталсақ, 69 және 81 кг салмақ дәрежесінде өткен кездесулерде қазақстандық Садриддин Ахмедов филиппиндық Джоэл Бахомен болған қиын кездесуден соң жартылай финалға шықты. Ал жартылай финалда Ахмедова қазақстандық Бекзод Халмедовпен жолығады.

Азия чемпионатының күміс жүлдегері Ерік Әлжанов оңтүстік-кореялық Янг Хиг Юнмен болған кездесуден соң жарақаты салдарынан жарыс жолынан шықты. Ал жартылай финалда Янг Нұрдәулет Жармановпен кездеседі, ал финалға екінші жолдама үшін Бек Нұрмағммбет пен қырғыз спортшысы Эркин Адильбекуулы кездеседі.

Сондай-ақ

ӘБІЛХАН АМАНҚҰЛ ҮЗДІК АТАНДЫ

Жуырда ғана өткен Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жартылай финалдық бәсекесінде ең керемет өнер көрсеткен былғары …