Басты бет / Соңғы жаңалықтар / «АСТАНА» «МАККАБИ ТЕЛЬ-АВИВТІ» ТАС-ТАЛҚАН ЕТІП ҰТТЫ

«АСТАНА» «МАККАБИ ТЕЛЬ-АВИВТІ» ТАС-ТАЛҚАН ЕТІП ҰТТЫ

Еуропа лигасы топтық кезеңінің үшінші турында «Астана» өз алаңында «Маккаби Тель-Авивті» 4:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты.

Голдардың авторлары – Патрик Твумаси мен Джуниор Кабананга. «Астананың» қос бірдей легионер ойыншысы өз еншілеріне дубль жазды.

Үш ойын қорытындысы бойынша 4 ұпай жинаған «Астана» үшінші орында келеді. «Вильярреал» (Испания) мен «Славия Прага» (Чехия) командаларында 5 ұпайдан бар.

Патрик Твумаси УЕФА таңдауымен ойындағы үздік футболшы атанды.

«Астана» 4:0 «Маккаби Тель-Авив»

Голдар: Твумаси 33′ (пен.), Твумаси 42′, Кабананга 47′, Кабананга 52′.

«Астана»: Ерич — Шомко, Аничич, Логвиненко, Шитов — Твумаси, Маевский, Бейсебеков (Тагыберген 85′), Муртазаев — Мужиков (Граховац 68′) — Кабананга.

«Маккаби Тель-Авив»: Райкович — Давидзадзе, Бабен, Бен-Хаим, Шпунгин — Йейни, Баттоккио, Перец (Рикан 46′) — Блэкмэн, Кьяртассон (Тиби 75′), Сушич (Атар 46′).

Ескерту алғандар: Мужиков 13′, Перец 33′, Блэкмен 41′, Шитов 61′.

Сондай-ақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГИМНАСТШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Ресей астанасы Мәскеуде спорттық гимнастикадан XXIV-шы  Олимпиада чемпионы Михаил Воронин атындағы Халықаралық турнир өтті. 18-20 желтоқсан аралығында …