Басты бет / Басқа түрлер / Азия спорты / АШХАБАДТА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

АШХАБАДТА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Бүгін Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында жабық кешендегі және жекпе-жек түрлерінен Азия ойындарының ашылу салатанты өтті.

Түркіменстан президенті Гурбангулы  Бердымухамедов сөз сөйлеп, келген қонақтарға қош келдіңіз айтты. Бұндай деңгейдегі ойындар Түркіменстан мемлекетінде тұңғыш рет өткелі отырғанын және келген қонақтарға бар жағдайды жасайтынын жеткізді.

5-ші Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын таеквондошы Нұрлан Мырзабаев алып шықты. Делегацияны Спорт Комитетінің басшысы Елсияр Қанағатов бастап шықты.

Биылғы доданың артықшылығы өте көп. Түркіменстан мемлекеті тәуелсіз тарихында алғаш рет Халықаралық доданы өткізіп отыр. Ойындардың ашылу салтанатына шет ел мамандары арнайы шақыртылған.

Ең бірінші кезекте елдің тарихы баяндалды. Түрік жұртының сан ғасырлы тарихымен ұштасқан Түркімен Халықының жылнамасында аты аңызға айналған тұлғалар жетерлік. Аңыз адамдардың алып мүсіні стадион ортасына шығарылды.

45,000 адамға лайықталған алып аренада ине шаншыр орын болмады. Өз елінде тұңғыш рет өтіп тұрған додаға Түркімен жұрты түгел дерлік өз үлесін қосуда.

Қойылым барысында елдің әскери күші көрсетілді. Жібек жолы керуені өткен тұстардағы сауда-саттық, қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігі баян етілді.

Түркіменстан мемлекеті табиғи қазға-байлықтарға өте бай. Әлемде өз елін тұрмыстық қажеттіліктермен тегін түрде қамтамасыз етіп отырған санаулы мемлекеттердің бірі. Елдің табиғи байлығы негізгі тақырыптардың бірі болды.

Елдің эстрада жұлдыздары мен мыңдаған биші өз өнерлерін көрсетті. Ең керемет болған жері президенттің арнайы аттарының шоуы болды. Ат үстінде емін-еркін ойнақтаған акробаттар халықтың қошеметіне бөленді. Жалпы ойындардың негізгі символы ретінде жылқы алынған. Түркімен ел хал-жағдайды сұрағанда бірінші әкеңнің, содан кейін астыңдағы арғымағыңның жағдайын біл деген сөз бар. Ашылу салтанатындағы негізгі көріністер атқа арналды.

Алау отын жағу рәсімі де өте ерекше өтті. ойындар басталуына жүз күн қалғанда орталықтан шыққан алау шабандоздар арқылы елді түгел аралап шыққан. стадионға атпен шауып келген батыр алауды аттың үстінде тұрып тұтатты. Қазандық арқылы тұтанған жалын стадионның символы болып тұрған жылқының басына дейін жетіп лаулап жана кетті. Ұйымдастырушылар бұл елдегі жылқы малының аса қадірлі екенін көрсете білген.

Әуеде қалықтаған акробаттардың өнерің, мерекелік от шашу, жергілікті өнер жұлдыздарының концерттік бағдарламасы, тұрмысқа қажетті өнімдердің барлығы табиғи қалпында әсерлі түрде жеткізілді.

Ойындар 27-ші қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақстан намысын 181 спортшы қорғамақ.

Сондай-ақ

ИСКО МЕССИДІ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЗДІК ОЙЫНШЫ ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ

«Реал Мадридтің» жартылай қорғаушысы, Иско өз командасындағы әріптесі Криштиану Роналдудан каталондық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Мессиді …

Добавить комментарий