Осы күнгі архивтер: 03.08.2018

ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ ҮШІНШІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ АЛДЫНДА САЛМАҚ ӨЛШЕУ РӘСІМІНЕН ӨТТІ

Данияр Елеусіновпен қарсыласы венгриялық Габор Горбич салмақ өлшеу және көз арбасу рәсімдерінен өтті. 4-ші тамыз күні Кардифф қаласындағы «Ice Arena Wales» аренасында өтетін бокс кешінде, Данияр Елеусінов (2-0, 1 КО) пен Габор Горбичпен (24-11, 14 КО) алты раундтық жекпе-жекте кездеседі. Салмақ өлшеуде Елеусінов те, Горбич те бірдей салмақ көрсетті — …

толық оқу»

«ТОБЫЛДЫҢ» БАС БАПКЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінен аса алмаған қостанайлық «Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті. Клубтың ресми сайтының мәліметінше, Владимир Никитенко өзі осындай өтініш жасап, клуб басшылығы оны мақұлдаған. Айта кетейік, қостанайлық клуб биыл Еуропа лигасының екінші іріктеу кезңіне дейін жетіп, армениялық «Пюниктен» жеңілген болатын. Артынша бас бапкер жұмыстан шығатыны жөнінде хабар …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКС СҮЙЕР ҚАУЫМ НҰРСҰЛТАНОВТЫҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІН ТІКЕЛЕЙ КӨРЕ АЛАДЫ

Астана уақытымен 5-ші тамыз күні Атлантик-Сити қаласында (Нью-Джерси штаты, АҚШ) өтетін бокс кешінде, Мейірім Нұрсұлтанов (7-0, 6 КО) доминикандық Хонатан Батистаға (17-14, 10 КО) қарсы сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек өткізеді. Сондай-ақ, бұл бокс кешінде тағы бір отандасымыз, Мəдияр Әшкеевте шаршы алаңға көтеріледі. Мəдияр Әшкеев (9-0, 5 КО) эквадорлық боксшы Эдуардо …

толық оқу»

БОНУЧЧИ ҮЙІНЕ ҚАЙТТЫ, АЛ КАЛЬДАРА «МИЛАНҒА» ЖОЛ ТАРТТЫ

«Ювентус» пен «Милан» клубтары ойыншыларымен алмасты. 2017-шы жылы жазғы ауысым кезінде 42 миллион еуроға «Ювентустан» «Миланға» ауысқан орталық қорғаушы Леонардо Бонуччи, бір жылдан соң «Ювентусқа» қайтып оралды. Ал өткен маусымда «Аталанта» клубында жалға ойнаған туриндік «Ювентустің» орталық қорғаушысы Маттиа Кальдара, «Милан» клубына келіп қосылды. «Ювентус» пен «Милан» клубтары екі ойыншыныда, …

толық оқу»

ММА-ДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ САНЖАР ӘДІЛОВ M-1 GLOBAL-ДА ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗЕДІ

25-ші тамыз күні Санкт-Петербург (Ресей) қаласындағы «M-1 Arena» спорт кешенінде халықаралық M-1 Challenge 96 додасы өтеді. M-1 Challenge 96 додасында отандасымыз Санжар Әділов (3-0) грузиялық жауынгер Важей Цыптауриге (5-1) қарсы жекпе-жекке шығады. 2017-шы жылы аралас жекпе-жектен өтен әлем чемпионатында Санжар Әділов Әлем чемпионы атанып, доданың ең үздік жауынгері атағын жеңіп …

толық оқу»

«МИЛАН» АРГЕНТИНАЛЫҚ ШАБУЫЛШЫ ИГУАИНДІ ЖАЛҒА АЛДЫ

Аргентина құрамасының және «Ювентус» клубының шабуылшысы Гонсало Игуаин «Миланның» ойыншысы атанды. Италиялық «Милан» клубы, 30 жастағы ойыншыны 2018/19 маусымына 18 миллион еуро төлеп жалға алды және маусым аяқталғаннан кейін тағы 36 миллион еуро төлеп толықтай сатып алады. Бұл ауысым үшін «Милан» жалпы 54 миллион еуро төлейді. «Миланда» 9-шы нөмірмен өнер …

толық оқу»

ТРИАТЛОННАН АЗИЯ КУБОГЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Триатлоннан ұлттық құраманың бас бапкері Азия Кубогында  ел намысын қорғайтын спортшылардың есімдерін жариялады.  Сары құрлық бәсекесінде   Қазақстанның  атынан  13  триатлоншы шығады, ақпараттық-спорттық ХАБ хабарлайды. Триатлоннан Азия Кубогына Қазақстаннан 8 ер адам мен 5 әйел қатысады — Ашраф Камалова, Надежда Бекмағанбетова, Анастасия Автушко, Карина Шульгина, Аян Бейсенбаев, Дарын Қонысбаев, Семен Пивоваров, …

толық оқу»

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАТЫН ДЗЮДОШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

18-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Джакартада (Индонезия) өтетін XVIII Жазғы Азия ойындарына қатысатын дзюдошылардың тізімі жарияланды. Дзюдо шеберлерінің сайыстары 29-шы тамыз бен 1-ші қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланған. Ал Қазақстан ұлттық құрамасының дзюдошылары жылдың басты додасына қатысу үшін 25-шы тамыз күні Индонезияға аттанады. «Қазіргі таңда Ақмола облысы, Щучинск қаласында …

толық оқу»

«ҚАЙРАТ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ӨТТІ

Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында, алматылық «Қайрат» сырт алаңда голландиялық «АЗ Алкмарға» есе жіберді. Голландияның Алкмар қаласындағы «АЗ-Стадиум» стадионында 2-сінен 3-іне қараған түні өткен ойын, алаң иелерінің жеңісімен 2:1 есебімен аяқталды. «Қайрат» ойыншылары есепті бірінші болып ашты. Ойынның 28-ші минутында «АЗ Алкмар» қақпашысы Марко Бизот өз айып алаңында «Қайраттың» …

толық оқу»