Осы күнгі архивтер: 01.08.2018

УЕФА ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ РЕСМИ ДОБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Кәрі құрлықтың басты додасы саналатын УЕФА Чемпиондар Лигасы 2018/2019 маусымының топтық кезеңіне арналған ресми добы таныстырылды. «ADIDAS 2018-19» добын әдеттегідей Адидас компаниясы жасап шығарған. Доптың дизайнын жасау барысында ақ және ашық көк түстердегі өрнектер мен жазулар қолданылған. Бұл доп, Ресейде өткен Әлем Чемпионаты 2018-дің ресми добының материалына ұқсас болып жасалды. …

толық оқу»

ҚАНАТ ИСЛАМ WBA РЕЙТИНГІНДЕ ТӨМЕНДЕДІ

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) ресми сайтында 2018-шы жылдың шілде айына жаңартылған рейтингті жариялады. Жаңартылған рейтингте бірінші орта салмақта WBO NABO, WBA-NABA және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері Қанат Ислам (25-0, 20КО), бірден саты төмендеп, оныншы орында тұрақтады. Жыл басында Қанат өз салмағындағы WBA рейтингінде көш бастап, WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы …

толық оқу»

«ЭВЕРТОН» ҚОРҒАУШЫ ДИНЬДІ «БАРСЕЛОНАДАН» САТЫП АЛҒАНЫН ЖАРИЯЛАДЫ

«Барселонаның» қорғаушысы Люка Динь мансабын ағылшындық «Эвертонда» жалғастырады. 25 жастағы Люка өзінің жаңа клубымен 2023-ші жылдың маусым айына дейінгі келісімшарт мерзіміне қол қойды. Ал ойыншының ауысым құны ағылшындық клубқа 20.2 миллион + бонус 1.5 миллион еуроға түсті. Динь «Барселона» сапында 2016-шы жылдан бері өнер көрсетіп келді. Фото: «Эвертон» клубының ресми …

толық оқу»

ДЖАКАРТАДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАТЫН БОКСШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер құрамы 18-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Джакартада (Индонезия) өтетін XVIII Жазғы Азия ойындарына баратын боксшылардың тізімін жариялады. Азия ойындарынан ерлер арасында 81, 91 және + 91 келі салмақтарындағы боксшылар қатыспайды, себебі бұл салмақтар ойын бағдарламасынан алынды. Құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов, салмақтардың қысқартылғанына қарамастан, …

толық оқу»

«АСТАНАНЫҢ» ЧЛ-ДАҒЫ ҚАРЫМТА ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Бүгін, 1-тамыз, Чемпиондар Лигасы екінші іріктеу кезеңі аясында, елордалық «Астана» даниялық «Мидтьюлландқа» қарсы қарымта ойын өткізеді. Ойын Хернинг қаласында орналасқан «Хернинг Арена» стадионында, Астана уақыты бойынша 23:00-де басталады. «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Бір апта бұрын Астана қаласында өткен клубтар арасындағы бірінші ойында, «Астана» клубы Ласло Кляйнхайслердің қос голының …

толық оқу»

«РЕАЛ» САНТЬЯГО БЕРНАБЕУ КУБОГІ ҮШІН «МИЛАНМЕН» КЕЗДЕСЕДІ

Мадридтік клуб Twitter-дегі ресми парақшасында, биылғы маусымда Сантьяго Бернабеу Кубогін «Реал» мен италиялық «Милан» клубы 11-ші тамыз күні өзараларында сарапқа салатынын хабарлады. Сантьяго Бернабеу Кубогі — испандық клубтың көп жылдық президенті Сантьяго Бернабеудің құрметіне орай 1979-шы жылдан бері өтетін жолдастық дода.

толық оқу»

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАТЫН ГРЕК-РИМ КҮРЕС ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ

18-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек аралығында Джакартада (Индонезия) өтетін XXVIII Жазғы Азия ойындарына грек-рим күресінен қатысатын балуандардың тізімі жарияланды. Қазақстан ұлттық құрамасының грек-рим күрес шеберлерінің тізімі: 60 келіде — Мейрамбек Айнағұлов 67 келіде — Алмат Кебіспаев 77 келіде — Асхат Ділмұхамедов 87 келіде — Азамат Құстыбаев 97 келіде — Ерұлан …

толық оқу»

«ТОБЫЛ» ЕУРОПА ЛИГАСЫНЫҢ 2-ШІ КЕЗЕҢІНЕН АСА АЛМАДЫ

Қостанайлық «Тобыл», Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында, Ереванда өткен қарсы қарымта ойын «Пюник» клубына 1:0 есе жіберді. «Пюниктің» жеңісті голын 82-ші минутта ивуарлық Мохамед Конате соқты. 20 жасар Конате 2017-ші жылы «Қайрат А» сапында 12 ойын өткізіп, Қазақстанның бірінші лигасында екі голмен көзге түскен. «Тобыл» ойынның соңғы минуттарын бір …

толық оқу»