Басты бет / Қысқы спорт

Қысқы спорт

ЭЛИЗАВЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

«Мұз айдыны» спорт кешенінде елімізді әлемге танытып жүрген жерлесіміз, қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанау секциясына қатысатын тәрбиеленушілерге шеберлік сабағын өткізді.  4 дүркін Қазақстан жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Элизабет Тұрсынбаева алғашқы рет өз тәжірибесімен бөлісіп, мәнерлеп сырғанаудың қыр-сырын, әдіс-тәсілдерін үйретті. Мұз айдыны ханшайымы Элизабет жас мәнерлеп сырғанаушылармен сұхбаттасу барысында олардың …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХОККЕЙШІЛЕР АУСТРИЯ ҚҰРАМАСЫН ТАС-ТАЛҚАН ЕТТІ

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындық барысында Аустрия командасымен жолдастық кездесу өткізді. Матч 5:0 есебімен отандастарымыздың пайдасына шешілді Гол соққандар: Орехов, Акользин, Евдокимов және Старченко (дубль). Аустрия – Қазақстан – 0:5 0:1 — Орехов (Акользин, Полохов) — 10:02 0:2 — Старченко (Рымарев, Даллмэн) — 23:38 0:3 — Старченко (Рымарев, Кучин) — 44:27 …

толық оқу»

ХОККЕЙШІЛЕР ИТАЛИЯЛЫҚТАРДАН БАСЫМ ТҮСТІ

22-28 сәуір аралығында Венгрия астанасы Будапештте хоккейден әлем чемпионаты жалауын көтереді. Қазақстан құрамасы 1-ші дивизионның «А» тобында бақ сынайды. Осы бір айтулы жарыс алдында Қазақстан хоккей құрамасы Италия құрамасымен жолдастық кездесу өткізген болатын. Италияның Энье қаласында өткен ойын 4:2 есебімен отандастарымыздың пайдасына шешілді. Біздің құрамадан  Дмитрий Гренц пен Никита Михайлис …

толық оқу»

ДМИТРИЙ РЕЙХЕРД ТАҒЫ БІР ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд Жапонияның Тадзавако қаласындағы әлем кубогының кезеңінде тағы бір қола медаль иеленді. Параллельді могулдың кіші финалында отандасымыз франциялық Бенжамин Чаведан басым түсті (29:6). Ал жеңіс қайта жапониялық Икума Хорисимиге бұйырды. Ол финалда канадалық Майкл Кингсберриден айласын асырды — 21:14. Павел Колмаков болса бірінші айналымда жапониялық Шо Эндодан …

толық оқу»

АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Бүгін Финляндияның Лахти қаласында шаңғы спортынан ерлер арасында 15 км-лік классикалық жарыс өтті. Отандасымыз Алексей Полторанин өзінің сүйікті қашықтығында үздік шықты. Полторанин 15 км-ді 33:11 уақытымен аяқтады. Екінші орынды мәреге 9 секунд кешігіп жеткен Александр Большунов еншіледі. Финляндиялық Иво Нисканен болса үздік үштікті түйіндеді. Айта кетейік, соңғы рет Полторанин қаңтар …

толық оқу»

ДМИТРИЙ РЕЙХАРД ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Қазақстандық фристайлшылар Жапонияның Тадзавако қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде бақ сынады. Ерлер арасындағы сайыста Дмитрий Рейхерд үшінші орынға ие болды. Отандасымыз канадалық Майкл Кингсберри мен жапониялық Икума Хорисимаға жол беріп қойды. Павел Колмаков болса жарысты 26-шы орында аяқтады. Әйелдер арасындағы сайыста Пхенчхандағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева жетінші орын алып, суперфиналға шыға алмады. Жеңіс …

толық оқу»

ЮЛИЯ ГАЛЫШЕВА ЖАРЫСТАН КЕЙІН ӘСЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Пхенчхан Олимпиадасында Қазақстанға «қола» жүлде алып келген фристайлшы Юлия Галышева ҚазАқпарат тілшісімен жеңісінен кейінгі әсерімен бөлісті. — Жүлделі болуыңызбен құттықтаймыз! — Рахмет! Маған жанкүйер болған барлық отандастарыма рахмет! Алғыс айтқым келеді. Осында жүрген сіздерге де разымын. Қазақстан қоржынына түскен алғашқы медаліміз баршамызға құтты болсын! — Жүлде алатыныңызға сенімді болдыңыз ба? …

толық оқу»

ЮЛИЯ ГАЛШЕВА ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Фристайлдың могул түрінен Қазақстан алғаш рет Олимпиада ойындарындағы жүлдесін алды. Корея елінде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында отандасымыз Юлия Галышева үшінші орыннан көрінді. Юлия бірінші финалда 75,10 ұпаймен жетінші орыннан көрінді. Екінші финалда 76,81 ұпаймен алтыншы орын алды. Ақтық үшінші финалда 77,40 ұпаймен үздік үштікті қорытындылап, Қазақстанның Корея Олимпиадасындағы алғашқы …

толық оқу»

ВИШНЕВСКАЯ СПРИНТТЕ 30-ШЫ ОРЫНДА

Олимпиада ойындары аясында биатлон жарыстары басталды. Бүгін әйелдер спринтте бақ сынады. Пхенчханда ауа-райының қолайсыз болғанын айта кету керек. Екі ату айлағында да мергендік танытқан Германиялық Лаура Дальмаер чемпион атанды. Бір-бірден қателік жіберген Норвегиялық Марте Олсбю мен Чехиялық Вероника Виткова сәйкесінше күміс пен қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық арасындағы үздік нәтиже …

толық оқу»

АНАСТАСИЯ КРЕСТОВА ІРІКТЕУДЕН ӨТЕ АЛМАДЫ

Пхёнчханда қысқы Олимпиада ойындары өтуде. Бүгін шорт-трекші қыздар 500 метрде сынға түсуде. Отандасымыз Анастасия Корестова өз тобында соңғы орын алды. Қытайлық Фан Ке Сын мен Америкалық Мааме Байни келесі кезеңге өтті. Бұдан бұрын ерлеріміз 1500 метрдің іріктеуінен әрі аса алмаған болатын. Айта кету керек, дәл осы 500 метрдің жартылай финалдары …

толық оқу»