Басты бет / Кәсіпқой бокс / WBA ӘЛЕМ БОКСШЫЛАРЫНЫҢ РЕЙТИНГІ ЖАҢАРДЫ

WBA ӘЛЕМ БОКСШЫЛАРЫНЫҢ РЕЙТИНГІ ЖАҢАРДЫ

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBA) әлем боксшыларының рейтингісін жаңартты. Бейбіт Шүменов чемпиондық белдігінен айырылды.

Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін Бейбіт Шүменов WBA (WORLD) чемпионы атағынан 15 маусым күні шешіліп, белдікке кубалық Юниэр Дортикос ие болды. Осы салмақта өнер көрсететін Иса Ақбербаев он төртінші орынға көтерілді.

Бірінші орта салмақта бақ сынайтын Қанат Ислам бір саты көтеріліп, 3 орынға жайғасты. Айта кетейік осы салмақта WBA (Super) чемпионы кубалық Эрисланди Лара (24-2-2, 14КО), WBA (World) чемпионы америкалық Деметриус Андраде (24-0-0, 16КО).

Жанқош Тұраров жартылай орта салмақ дәрежесінде 10-шы орнын сақтап қалды.

 

Сондай-ақ

БАЙСУФИНОВ: «АЛДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНА ШЕТЕЛДЕ ОЙНАЙТЫН БЕС ФУТБОЛШЫ ШАҚЫРТУ АЛМАҚ»

21 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов команданың алдағы оқу-жаттығу жиынындағы жоспарымен …

Добавить комментарий