Басты бет / Әлем / ЖЕҢІЛІРЕК САЛМАҚТА ЖАҢА ЧЕМПИОН — РАЙАН БАРНЕТТ

ЖЕҢІЛІРЕК САЛМАҚТА ЖАҢА ЧЕМПИОН — РАЙАН БАРНЕТТ

Британдық боксшы Райан Барнетт (17-0-0, 9 КО) өзінің отандасы Ли Хаскинсті (34-4-0, 14 КО) жеңіп жеңілірек салмақта IBF чемпионы атанды.

Барнетт екі төрешінің басымдық ұпайымен 119:107 есебімен жеңіске жетсе, бір төреші жеңісті 118:108 есебімен Хаскинске беріпті. Промоутер Эдди Хирннің айтуынша, бір төреші есепті шатыстырып алған деген. Кездесу барысында Хаскинс екі рет нокдаунға түсіп қалған.

— Мен төрешілердің шешімі екі түрлі шыққанына таңғалдым, бірақ бәрі жақсы аяқталды, төрешілер жеңіске жеткен боксшыны жеңімпаз деп таныды, — деді Барнетт кездесуден соң.

Естеріңізде болса, бұрынырақ Эдди Хирн, Хаскинспен кездесуден соң жеңілірек салмақта WBA Super чемпионы қазақстандық Жанат Жақияновпен (27-1-0, 18 КО) кездесу ұйымдастыруды айтқан болатын.

Сондай-ақ

2017 ЖЫЛҒЫ ЕҢ ҮЗДІК ДЖИУ-ДЖИТСУШЫЛАР

Өткен 2017 жылғы қортынды бойынша «Ең үздік спортшы – 2017 жыл» номинациясы бойынша спортшыларды жас …

Добавить комментарий