Басты бет / Кәсіпқой бокс / Айдар Шәрібаев / КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ АЙДАР ШӘРІБАЕВ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ АЙДАР ШӘРІБАЕВ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

АҚШ-тың Майами қаласында үш айлық оқу жаттығу жиынын өткізген «Diamond Ring» боскшысы Айдар Шәрібаев бүгін елге оралды.

 

Алматы әуежайында боксшыны жақындары мен спорт пен шоу-бизнесте жүрген достары және БАҚ өкілдері күтіп алды.

– Шыны керек, осылай құрмет көрсетіп күтіп алады деп ойлаған жоқ едім. Мен үшін бұл тосын сый болды. Бәріне де алғыс білдіремін және бұдан әрі де жанкүйерлерімді жеңістеріммен қуанта беруге тырысамын. Өкінішке қарай, соңғы сәтте қарсыласымның айқастан бас тартуына байланысты WBA NABA чемпиондық белбеуіне таласа алмадым. Дегенмен, алда әлі талай белбеулер күтіп тұр деп сенемін, – деді ағынан жарылған Айдар Шәрібаев.

Естеріңізге сала кетейік, кубалық маман Осмири Фернандестің қарамағында жаттыққан Шәрібаев АҚШ-тағы осы сапарында екі рет шаршы алаңға шығып, екеуінде де қарсыласын нокаутпен жеңді. Алдымен Габино Готаны 5-ші раундта ұтса, никарагуалық Орландо Ризоны 7-ші раундта тізерлетті.

Сондай-ақ

ИЛЬЯ ИЛЬИН ДОПИНГ ҚОЛДАНДЫ МА, ЖОҚ ПА?

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин брифинг барысында жұртты қызықтырып жүрген бірнеше сұраққа жауап берді, деп …

Добавить комментарий