Басты бет / Мақала / ФУТЗАЛДАН ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

ФУТЗАЛДАН ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Жозе Алесио Да Силва 2018 жылы Словенияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын жігіттердің тізімін жариялады.

Бразилялық жаттықтырушының тізіміне 16 футболшы енген. Іріктеу кезеңі басталғанша Алесио мырза екі футболшымен қоштасуға мәжбүр. Ереже бойынша іріктеу кезеңіне 14 ойыншы қатысу керек. Іріктеу кезеңіне жалпы саны 28 команда қатысады. Қазақстан ұлттық құрамасы 6-топта Чехия, Македония және Дания құрамаларымен Алматыда сынға түседі. Әр топтан жеңіске жеткен құрама бірден Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алады.

Іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы:
Қақпашылар:
Григорий Шамро («Ақтөбе»), Игита («Қайрат»);
Алаңдағы ойыншылар: Дінмухамбет Сулейменов, Серік Жаманкулов, Шыңғыс Есенаманов, Михаил Першин, Дуглас (бәрі — «Қайрат»), Антон Рындин, Ерсұлтан Сағындықов (екеуі де — «Аят»), Альберт Акбаликов, Қайрат Иманалин (екеуі де — «Ақтөбе»), Арнольд Кнауб, Дәурен Тұрсағұлов, Александр Довгань, Біржан Оразов (бәрі — «Жетісу»), Лео («Спортинг», Португалия)

  • Қазақстан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне қосымша матч арқылы шыққан болатын. Қосымша матчта Босния және Герцеговина құрамасын жеңіп, Сербиядағы жарыстың негізгі кезеңіне жолдама алды.
  • Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне 2016 жылы қатысты.
  • Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатында қола жүлдеге ие болған.
  • Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі Алматыда алғаш рет өтеді.
  • Қазақстан ұлттық құрамасы іріктеу кезеңін фаворит команда ретінде өткізбек.
  • Екінші орын алған жеті құрама мен үшінші орын алған ең үздік үш команда бірігіп қосымша матчтар өткізеді.
  • Еуропа чемпионатының негізігі кезеңіне 12 команда қатысады.
  • 2018 жылғы Словенияда өтетін Еуропа чемпионаты 30 қаңтар — 10 ақпан аралығында Люблян қаласында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы іріктеу кезеңі 8-11 сәуір күндері «Алматы Аренада» өтеді.

 

Сондай-ақ

ИЛЬЯ ИЛЬИН ДОПИНГ ҚОЛДАНДЫ МА, ЖОҚ ПА?

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин брифинг барысында жұртты қызықтырып жүрген бірнеше сұраққа жауап берді, деп …

Добавить комментарий