Нью-Йоркта кеш батқан кезде атақты «Madison Square Garden» аренасына жиналған жұрт жергілікті боксшы Дэниел Джейкобсқа қарағанда Геннадий Головкинды үлкен қошеметпен қарсы алды. Ал бұл уақытта Ұлы Дала Елінде таң қазекең көк экран алдында жиналған еді. Қоңыр дауысты ринганнонсер Майкл Баффердың ауузынан атақты «Let’s get ready to the rumbleeee» (автордың түсініктемесі — кескінді шайқасқа дайындалайық) деген сөздерінен кейін қалың елге тек нокаут керек еді, бірақ бұл бұған дейінгі 23 кездесуден өзгеше болатынын тек GGG тобы ғана білсе керек…
1 раунд: Головкин алға басып, бокс ережесіне сай екілік соққы жасап барлауға жол бұрды. Ал қарсыласынан бойшаң келген Джейкобс сериялы соққылар жасап қорғанып, бірден қорғанысқа кетеді. Бұл раундта қолған түйістіргеннен гөрі қобалжу көп болған сияқты…
2 раунд. Раундтың басында сол жақтан жақсы соққысын өткізген Джейкобс қарсыласының шабуылдарының алдын орағысы келеді. Бұны түсінген Головкин ұқыпты бокстаса бастайды. Ия шаршы алаңдағы боксшылардан үлкен қобалжу байқалады, бірақ чемпион өзін сабырлы ұстауда.
3 раунд. Бұл раундты Головкин өзінің зәкірге тең джебымен бастап, қарсыласын бұрышқа жаппақ болды. Бірақ Джейкобс аяқпен жақсы жұмыс жасап сытылып кетіп, оңақайдан солақай боксшының қалпына ауысады. Осы қалыпта шабуыл жасап, тек жақын қашықтықта таза соққы дарытып, өзінің рухын бір көтеріп алады.
4 раунд. Нокдаун! Джебпен бастап екі рет қатарынан оң қолымен соққы жасаған Головкин кімнің чемпион екенін көрсетті! Головкин сақтық шараларып қолданып, кездеуді ерте аяқтауға тырыспады. Джейкобс қалпына келген сияқты, кездесудің аяғы соққы алмасулармен аяқталды.
Әр раундтан кейін бізге тек Джейкобстың бұрышын көрсетіп жатыр. Джейкобстың бапкері Андре Розье:
— «Ақылды жұмыс жаса, сен осы кездесуді жеңуің тиіс», — дейді.
6 раунд. Джейкобстың екінші демі ашылғандай болды ол бұл раунды ұзақ сериялы соққылармен бастап, жақсы шабуылмен жалғастырды. Бұдан кейін екі боксшы соққы алмаса бастады, бұл раунд американдық боксшы үшін жақсы әрі ұтымды болды.
7 раунд. Шынында да «Miracle Man»-ның (автордың түсініктемесі — ағыл. «Керемет Адам») «взрывается» екінші демі ашылған сияқты, ол соққылармен алға баса жөнелді. Ал Головкин оған сериялы соққылар жасап, бұрышқа ғарай тықсыра бастады. Бірақ американдық қазақстандық боксшының әр қауіпті шабуылы кезінде қарсы шабуылдар жасауға тырысуда. Дэниэл көп соққыларын денеге бағыттай бастады, бұл қарсыласына ыңғайсыздық туғыза алды. Ал раунд тағы да соққы алмасумен аяқталды.

12 раунд. Жақын қашықтықта Головкин сол жақтан соққы дарытты. Бұл раундта Головкин қарсыласынан айқын басым болуы тиіс, себебі бұған дейін американдық тым белсенді жұмыс жасады. Бірақ Джейкобстың қарқыны бәсеңдемепті, ол жақсы соққылыар дарытты арасында апперкоттар да жетіп жатыр. Раундтың соңында екі боксшы соққы алмасты, раунд тең көрінді.
Көптен күткен кездесу осылайша 12 раундқа созылып аяқталды, ал шаршы қапталындағы төрешілер ұпай санауға көшті. Көз алдымда Ковалев-Уорд кездесуінің қорытындысы өтті, ал көгілдір экран сыртындағы өалың көрермен тақымын қысып өз елінің ұлтанына қолдау көрсетіп отырды. Баффердың қоңыр дауысы ресми есепті хабарлай бастады:
— «115-112 екі рет және 114-113 есебімен әлі де жеңіліс көрмеген, сөзсіз чемпиооон Головкин!»— деп барлық қобалжуымызды су сепкендей болды.
Осылайша біз 19 наурыз күні отандасымыз Геннадий Головкинның мансабындағы ең қиын кездесуіне куә болдық. Бұл кездесуден кейін көптеген сұрақтар жанымызды мазалағаны сөзсіз, бірақ бұлай кездесу өткізгеннің себебі Сауль Альварес және Билли Джо Сондерс сияқты боксшыларды тұзаққа түсірудің амалы шығар деген ойдамын. Уақыт бөліп оқығандарыңызға рахмет, мақаланың авторы dodasport сарапшысы Мақсат Серікұлы. Жеңісті күндерде кездескенше ағайын!