Басты бет / Бокс / 12 РАУНДҚА СОЗЫЛҒАН ТАҢ

12 РАУНДҚА СОЗЫЛҒАН ТАҢ

Нью-Йоркта кеш батқан кезде атақты «Madison Square Garden» аренасына жиналған жұрт жергілікті боксшы Дэниел Джейкобсқа қарағанда Геннадий Головкинды  үлкен қошеметпен қарсы алды. Ал бұл уақытта Ұлы Дала Елінде таң қазекең көк экран алдында жиналған еді. Қоңыр дауысты ринганнонсер Майкл Баффердың ауузынан атақты «Let’s get ready to the rumbleeee» (автордың түсініктемесі — кескінді шайқасқа дайындалайық) деген сөздерінен кейін қалың елге тек нокаут керек еді, бірақ бұл бұған дейінгі 23 кездесуден өзгеше болатынын тек GGG тобы ғана білсе керек…

1 раунд: Головкин алға басып, бокс ережесіне сай екілік соққы жасап барлауға жол бұрды. Ал қарсыласынан бойшаң келген Джейкобс сериялы соққылар жасап қорғанып, бірден қорғанысқа кетеді. Бұл раундта қолған түйістіргеннен гөрі қобалжу көп болған сияқты…

2 раунд. Раундтың басында сол жақтан жақсы соққысын өткізген Джейкобс қарсыласының шабуылдарының алдын орағысы келеді. Бұны түсінген Головкин ұқыпты бокстаса бастайды. Ия шаршы алаңдағы боксшылардан үлкен қобалжу байқалады, бірақ чемпион өзін сабырлы ұстауда.

3 раунд. Бұл раундты Головкин өзінің зәкірге тең джебымен бастап, қарсыласын бұрышқа жаппақ болды. Бірақ Джейкобс аяқпен жақсы жұмыс жасап сытылып кетіп, оңақайдан солақай боксшының қалпына ауысады. Осы қалыпта шабуыл жасап, тек жақын қашықтықта таза соққы дарытып, өзінің рухын бір көтеріп алады.

4 раунд. Нокдаун! Джебпен бастап екі рет қатарынан оң қолымен соққы жасаған Головкин кімнің чемпион екенін көрсетті! Головкин сақтық шараларып қолданып, кездеуді ерте аяқтауға тырыспады. Джейкобс қалпына келген сияқты, кездесудің аяғы соққы алмасулармен аяқталды.

5 раунд. Раунд басталысымен американдық боксшы өте ауыр соққы өткізіп алды, бірақ тағы да қалпына келе алды. Головкин жақын қашықтыққа кіріп, оң қолымен жақсы соққылар өткізді. Джейкобс та қарап қалмай солақай боксшының тұрысынан бірнеше жақсы соққы дарытып, шаршы алаңды қыздыра түсті. Нағыз ШОУ!

Әр раундтан кейін бізге тек Джейкобстың бұрышын көрсетіп жатыр. Джейкобстың бапкері Андре Розье:

— «Ақылды жұмыс жаса, сен осы кездесуді жеңуің тиіс», — дейді.

6 раунд.  Джейкобстың екінші демі ашылғандай болды ол бұл раунды ұзақ сериялы соққылармен бастап, жақсы шабуылмен жалғастырды. Бұдан кейін екі боксшы соққы алмаса бастады, бұл раунд американдық боксшы үшін жақсы әрі ұтымды болды.

7 раунд. Шынында да «Miracle Man»-ның (автордың түсініктемесі — ағыл. «Керемет Адам») «взрывается» екінші демі ашылған сияқты, ол соққылармен алға баса жөнелді. Ал Головкин оған сериялы соққылар жасап, бұрышқа ғарай тықсыра бастады. Бірақ американдық қазақстандық боксшының әр қауіпті шабуылы кезінде қарсы шабуылдар жасауға тырысуда. Дэниэл көп соққыларын денеге бағыттай бастады, бұл қарсыласына ыңғайсыздық туғыза алды. Ал раунд тағы да соққы алмасумен аяқталды.

Бұл раундтан кейін енді GGG-дың бұрышын көрсетті, салқынқанды Абель Головкинге:
— «Оған жұмыс жасауға мүмкіндік беруге болмайды», — деді.
8 раунд. Джейкобс кездесудің қарқынын үдете түсті. Ол жақсы шабуылдар өткізіп жатыр. Бұл раундта Головкин дем алып, кідіретін сияқты. Бірақ  американдықтың раунд басында алған қарқыны үдеп, оның шабулдары қауіп төндіреді. Бұл раундты Джейкобсқа жазатын сияқты себебі ол белсенді болды. Соңғы үш раундты ол өте жақсы деңгейде өткізіп жатыр.
9 раунд. Американдық боксшы не себепті орта салмақта #2 боксшы екенін дәлелдеп, тағы да раундты белсенді шабуылдан бастайды. Головкинге ыңғайсыз қашықтықты ұстап, жанкүйерлердің іштерінде кішкене үрей тудырды. Отандасымыз әлі де дем алып жүрген сияқты, бірақ раунд соңында ол жақсы шабуыл жасады, бірінші иек астынан мығым соққы жұмсап, серияотряс сначала апперкотом, потом провел серию. Но американец попытался ответить.
Бұл кездесу маған Ковалев — Уорд кездесуін еске түсірді, бірақ Джейкобс Уордқа қарағанда белсенді жұмыс жасауда.
10 раунд. Головкинның бір соққылы шабуылдары көздеген жеріне жетпей қалып жатыр. Джейкобс болса сериямен жұмыс істеуге көшті. Джебы арқылы ол чемпионға кішкене қиындық тудырды. Боксшылар раунда соңында кішкене қызып қалған кезде раунд та бітті.
11 раунд. Чемпиондық раундтар басталды, ал Геннадий тек Мюрреймен  ғана 11-ші раундқа барған еді.  Ал американдық боксшы соққы жасауды азайтар емес,  Джейкобс белден төменірек соққы жасады бірақ мұны шаршы алаңдағы төреші байқамады. Ия, шаршы алаңда үш адам жүр, бокс мамандарының айтуы бойынша егер шаршы алаңдағы төреші көзге көрінбсе онда ол таза жұмыс істеп жүр дейді. Ал рингте екі боксшы ауыр соққылармен алмасты, бірақ жалпылай отандасымыз көбірек зиян алды.
Головкинның бұрышында Санчес бір соққылы шабуылдарды тиып, сериямен жұмыс жасауға шақырды.

12 раунд. Жақын қашықтықта Головкин сол жақтан соққы дарытты. Бұл раундта Головкин қарсыласынан айқын басым болуы тиіс, себебі бұған дейін американдық тым белсенді жұмыс жасады. Бірақ Джейкобстың қарқыны бәсеңдемепті, ол жақсы соққылыар дарытты арасында апперкоттар да жетіп жатыр. Раундтың соңында екі боксшы соққы алмасты, раунд тең көрінді.

Көптен күткен кездесу осылайша 12 раундқа созылып аяқталды, ал шаршы қапталындағы төрешілер ұпай санауға көшті. Көз алдымда Ковалев-Уорд кездесуінің қорытындысы өтті, ал көгілдір экран сыртындағы өалың көрермен тақымын қысып өз елінің ұлтанына қолдау көрсетіп отырды. Баффердың қоңыр дауысы ресми есепті хабарлай бастады:

— «115-112 екі рет және 114-113 есебімен әлі де жеңіліс көрмеген, сөзсіз чемпиооон Головкин!»— деп барлық қобалжуымызды су сепкендей болды.

Осылайша біз 19 наурыз күні отандасымыз Геннадий Головкинның мансабындағы ең қиын кездесуіне куә болдық. Бұл кездесуден кейін көптеген сұрақтар жанымызды мазалағаны сөзсіз, бірақ бұлай кездесу өткізгеннің себебі Сауль Альварес және Билли Джо Сондерс сияқты боксшыларды тұзаққа  түсірудің амалы шығар деген ойдамын. Уақыт бөліп оқығандарыңызға рахмет, мақаланың авторы dodasport сарапшысы Мақсат Серікұлы. Жеңісті күндерде кездескенше ағайын!

 

Сондай-ақ

ЖӘНІБЕК ӘЛІМХАНҰЛЫ: ЖАНКҮЙЕРЛЕРІМ БҮКІЛ ЕЛДЕ БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙМЫН

–Жәнібек, көпшілік сені келесі олимпиададан көреміз деп үміттеніп еді. Бірден әуесқой бокстағы мансабыңды аяқтап, кәсіпқой …

Добавить комментарий