Басты бет / Без рубрики / ШАҢҒЫ БАҒДАРЛАУШЫЛАРЫ ӘСКЕРИ ОЙЫНДАРДА КҮМІС МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

ШАҢҒЫ БАҒДАРЛАУШЫЛАРЫ ӘСКЕРИ ОЙЫНДАРДА КҮМІС МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Ресейдің Сочи қаласында III бүкіл әлемдік қысқы әскери ойындар өтуде.

26 ақпан күні өткен «Лаура» шаңғы орталығында шаңғы бағдарлау сайысы бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы спринттік сайыстар өтті.

Шаңғы бағдарлау сайысында ел намысын Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігі, орталық спорт клубының спортшылары Әсем Назырова мен Ольга Новикова қорғады. Екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстандық жұп күміс медаль еншіледі.

«Спортшылар 2500 метр қашықтықта 105 метр биіктікті бағындырды. Түнде 30 сантиметрге жуық қалың қар түсті. Тау арасындағы бағдарлау жұмысы өте қиынға түсті. Берілген нысанды табу өз алдына, қашықтықты бағындыру аса ауырға түсті», — дейді спорттық бағдарлау командасының басшысы аға лейтенант Денис Власов.

 

Сондай-ақ

2017 ЖЫЛҒЫ ЕҢ ҮЗДІК ДЖИУ-ДЖИТСУШЫЛАР

Өткен 2017 жылғы қортынды бойынша «Ең үздік спортшы – 2017 жыл» номинациясы бойынша спортшыларды жас …

Добавить комментарий