Басты бет / Бокс / ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВ КЕЗЕКТІ ТИТУЛДЫ КЕЗДЕСУІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВ КЕЗЕКТІ ТИТУЛДЫ КЕЗДЕСУІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

 

Жанат Жақиянов

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов  IBF чемпионымен спарринг өткізуде.

10 ақпан күні Толедо қаласында 33 жасар отандасымыз Жанат Жақиянов (26-1, 18КО) 29 жасар Америкалық Роуши Уорренмен (14-1, 4КО) жекпе-жек өткізеді. Жеңімпаз WBA (Super) және  IBO жеңіл салмақта  (53,5 кг) әлем чемпионы атағын иеленеді. Бұл атақ дәл қазір Роушиге тиесілі.

Жанат Жақиянов бапкері  Рикки Хаттонның нұсқауымен Англия қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Дайындық жұмыстары барысында отандасымыз  IBF нұсқасы бойынша орта жеңіл салмақтағы Ұлыбританиялық әлем чемпионы  Ли Сэлбимен (23-1, 8КО) спарринг жасауда.

Жанат Ескендірұлы Жақиянов (Double Z)

Туған жылы: 11.04.1983
Ұлты, азаматтығы: қазақ
Туған жері: Петропавл, Қазақстан
Қазіргі тұратын жері: Благовещенка, Қазақстан

Промоутер, бапкері: Рикки Хаттон

Салмағы: Жеңіл салмақ (53,525 кг (118 фунт))
Бойы: 170 см
Тұрысы: оң
Лақап аты: ZZ (Double Z)
Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуі: 03 тамыз 2007 жыл, 23 жасында

 

Сондай-ақ

ИЛЬЯ ИЛЬИН ДОПИНГ ҚОЛДАНДЫ МА, ЖОҚ ПА?

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин брифинг барысында жұртты қызықтырып жүрген бірнеше сұраққа жауап берді, деп …

Добавить комментарий