Басты бет / Қысқы спорт / ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТАРИХЫ

ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ТАРИХЫ

 

Қысқы Олимпиада ойындары қалай пайда болды?

Қысқы Олимпиада ойындарының бастау алуына негізгі себеп «Солтүстік ойындары» болды. Швеция астанасы Стокгольм қаласында 1901 мен 1926 жылдар аралығында Еуропа мемлекеттерінің басын қосқан шағын сайыстар өтті.

1924 жылы Францияның Шамони қаласында ең алғашқы рет Олимпиадалық турнир ұйымдастырылды. Оған спорттың сегіз түрі бойынша 16 мемлекеттен спортшылар қатысты.

Ең алғашқы қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы мемлекеттер арасында Югославия корольдігі, Италия, Венгрия, Латвия және Эстония бар. Ал КСРО ақ ойындарға араға 22 жыл салып қана қатыса бастады.

Бастапқыда қысқы ойындар жазғы ойындармен бір жылы өткізіліп отырған. Жазғы олимпиада ойындарының жалғасы есебінде тіркелген. Тек 1994 жылдан бастап Қысқы Олимпиада ойындары жазғы ойындармен араға екі жыл салып өткізілетін болды.

Осы уақытқа дейін қысқы Олимпиада ойындары 22 мәрте өткен.  1924—2014 жылдар аралығында мына мемлекеттер жеңіске жетті:

 

  • Flag of the Soviet Union.svg СССР/Flag of Russia.svg Ресей — 9 мәрте,
  • Flag of Norway.svg Норвегия — 7 мәрте,
  • Flag of East Germany.svg ГДР/Flag of Germany.svg Германия — 4 мәрте,
  • Flag of Canada.svg Канада — 1 рет,
  • Flag of the United States.svg АҚШ — 1 рет,
  • Flag of Sweden.svg Швеция — 1 рет

Қысқы Олимпиада ойындарында өткізілетін спорт түрлері

Спорт түріҚашықтықӨткізудің басталуыЖарыстар түрлері
Шаңғы жарысыТау шаңғы спорты1936Супергигант, гиганттық слалом, слалом, комбинация
Шаңғы жарысы1924Жеке спринт, командалық спринт, жекелей сөремен жарыс, масс-старт, эстафета, дуатлон
Тұғырдан секіру1924K120 жеке біріншілік, K120 командалық біріншілік, K90 жеке біріншілік
Екі сатылы шаңғы сайыс1924Жеке жарыстар, спринт, эстафета
Фристайл1992Могул, шаңғы акробатикасы, ски-кросс
Сноубординг1998Хаф-пайп, бордеркросс, параллельді слалом-гигант
Биатлон1960Спринт, жеке жарыс, қуалау жарысы, масс-старт, эстафета
Коньки спортыМәнерлеп сырғанау1908/1924Жеке ерлер және әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанау, жұптық мәнерлеп сырғанау, мұзда билеу
Коньки спорты1924500 м, 1000 м, 1500 м, 3000 м, 5000 м, 10000 м, эстафета
Шорт-трек1992500 м, 1000 м, 1500 м, эстафета
БобслейБобслей1924Екі орынды боб, төрт орынды боб
Скелетон1928/48/2002
Шана спорты1964Жеке жарыстар, жұптық жарыстар
Шайбалы хоккей1920/1924
Кёрлинг1924/1998

 

Сондай-ақ

3 ҚАЗАҚ БОКСШЫСЫ МӘСКЕУДЕ БАҚ СЫНАЙДЫ

17 маусым күні Ресей астанасы Мәскеуде өтетін кәсіпқой бокс кеші аясында 3 қазақ боксшысы өнер …