Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / МУАЙ-ТАЙ УАҚЫТША ОЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ ТҮРІ БОЛЫП ТАНЫЛДЫ

МУАЙ-ТАЙ УАҚЫТША ОЛИМПИАДАЛЫҚ СПОРТ ТҮРІ БОЛЫП ТАНЫЛДЫ

Муай-Тай

Кеше түнде Лозаннада өткен Халықаралық Олимпиада Комитетінің жиынында Халықаралық Муай-Тай Федерациясы (IFMA) уақытша Олимпиадалық статусқа ие болды.

Жалпы жиналыста бұл статусты алу үшін 37 спорт түрі таласқа түскен болатын. Олардың арасынан тек Муай-Тай мен  черлидинг спорттары ресми аталынды.

Қазақстандағы  черлидинг  спорты туралы бір нәрсе айту қиын. Черлидинг —  би, шоу мен гимнастика қосылған жұптық би түрі.

Ал, Муай-Тай спортынан Қазақстан құрамасы әлемнің алдыңғы қатарлы құрамасы болып табылады. Оған дәлел жақында ғана Ресейдің Казань қаласында өткен әлем кубогы мен одан бұрындары Әлем чемпионаттары, Азия жағажай ойындары, т,б.

Енді аталған қос спорт түрі Халықаралық Олимпиада Комитетінен қаржылай қолдау алып, трлі әлемдік деңгейдегі шараларды жүзеге асыра алады.  Белгіленген үш жыл аралығы біткен соң қос федерация қайта ХОК-қа өтініш тастап, Олимпиадалық спорт түрлеріне қайта енуіне мүмкіндік бар.

«Muaythai спорты 135 ұлттық федерациялардың басын қосып отыр, оның 60-ы өз елдерінде Ұлттық Олимпиада Комитетіне ресми тіркелген. Қазіргі таңда әлемде Муай-Тай спортымен айналысатын 400 мыңнан астам спортшы бар», — деді ХОК-тің спорт директоры Кит Макконнелл. Муай-тай спортына жылына 25 000 $ қаражат бөлінетін болады.


 

 

Сондай-ақ

ЖАЛҒАС ЖҰМАҒҰЛОВ «Fight Night» РЕЙТИНГІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұлов Fight Nights Global тұжырымының жаңартылған рейтингінде көш бастады, – …

Добавить комментарий