Басты бет / Қысқы спорт / ФРИСТАЙЛ АКРОБАТШЫЛАР ЕУРОПА КУБОГЫНДЕ СЫНҒА ТҮСУДЕ

ФРИСТАЙЛ АКРОБАТШЫЛАР ЕУРОПА КУБОГЫНДЕ СЫНҒА ТҮСУДЕ

 

Финляндияның Рука қаласында фристайл акробатика спортынан Еуропа кубогы жалауын көтерді.

1 желтоқан күні басталған сын биылғы маусымды ашып тұр. Швейцария елінде тыңғылықты дайындық жұмысын жасаған ұлттық құрамамыз бұл додаға тас-түйін келген болатын.

Әйелдер арасындағы ең үздік нәтижені Жанбота Алдабергенова көрсетті. Ол 151,22 нәтижемен сегізінші орын алды. Бұл сында 176,08 нәтижесімен Аустриялық Скотт Даниель жеңіске жетті. Тағы бір отандасымыз Жібек Арапбаев (118,69) 13-ші орыннан көрінді. 16 жасар Маржан Ағжігіт (109,26) 18 орын алды. Жолдас Аяна (98,24) 25, Ақмаржан Қалмұрзаева (94,29) 26 орындарды қанағат тұтты.

Ерлер арасында қос Ресейлік спортшы жеңіске жетті.

13. Бадрутдинов Ильдар 100 ұпай.

17. Лим Дмитрий 70 ұпай.

20. Мұхамеджанов Дархан 55 ұпай.

24. Батырбаев Нұрлан 35 ұпай.

26. Заманбек Ақжол 25 ұпай.

Ерлер арасында жалпы саны 32 спортшы сынға түссе, әйелдер арасында 29 спортшы бақ сынады. Биылдан бастап Қазақстан құрамасында 16 жасар жас спортшыларымыз алғаш рет ірі сайыстарына қатысып, жақсы нәтиже көрсетіп отыр.

Еуропа кубогы ертең жалғасын табады.

Сондай-ақ

ҚОС ДЗЮДОШЫМЫЗ ГРАН-ПРИ ТУРНИРІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Тунисте дзюдо күресінен әлемдік Гран При турнирі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде 4 қазақстандық дзюдошы ел …