2017 жылы Геннадий Головкинның алғашқы кездесуі Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» аренада өтеді.
Бұл жайлы Манчестердегі баспасөз-мәслихаты кезінде британдық промоутер Эдди Хирн хабарлады. «Matchroom» промоутерлік компаниясының басшысы Головкинның өкілдерімен келісіп, оның келесі кездесуінің андеркардында ирландиялық Кэти Тейлорды қосты.
«Тэйлор келесі жылы Геннадий Головкинның «Madison Square Garden»-де өтетін бокс кешінің андеркардында жұдырықтаады», — деді Хирн.
Еске салайық, қазіргі кезде Головкин американдық Дэниэл Джейкобспен келіссөздер жүргізіп жатыр, себебі ол WBA бойынша міндетті үміткер.