Басты бет / Әлем / РЕКОРДТАР ЖОҚҚА ШЫҒАРЫЛСЫН

РЕКОРДТАР ЖОҚҚА ШЫҒАРЫЛСЫН

 

Donovan Bailey

Олимпиада ойындарының чемпионы Донован Бэйли  Халықаралық Жеңіл атлетика федерациясына өтінішін білдірді. Онда допингпен ұсталған атлеттердің рекордтары жоққа шығарылсын делінген.

Тілшілермен баспасөз маслихатын өткізген Канадалық атлет допинг мәселесі басты тақырыпқа айналмауы керек екенін айтты.

Әр жаңалықты, әр газет бетін ашып оқып қарасам болды, допинг туралы жазудан бас айналады. Адам мүмкіндігінен тыс дүниелер жасап, адал еңбекпен жеңіске жеткен спорт аңыздары туралы ақпарат неге допинг тақырыбынан биік тұрады? Бүгін біз чемпиондарды талқылауымыз керек, елге өнеге көрсетуіміз керек. Неге бәрі басқаша?

Допинг туралы мәселені шешу үшін жеңіл атлетика спортында рекорд орнатқан спортшылардың нәтижесін жоққа шығару керек. Олардың рекордын алып тастап, есімін де ұмыту қажет. Сонда ғана допинг туралы тақырыптан арыламыз. Егер де жарыс тарихын қарап отырып, рекорд авторы допинг қолданған адам болса, допинг деген тақырып қайтадан алдымыздан шыға келеді, — дейді Донован Бэйли.

Ол Ресейліктерді Олимпиада ойындарынан шеттету туралы  Халықаралық Жеңіл атлетика федерациясының шешімін толықтай құптайды.

Естеріңізге сала кетейік, Донован Бэйли 1996 жылғы Олимпиада ойындарының 100 метр қашықтықтағы және 4/100 эстафетасындағы чемпионы. Төрт дүркін әлем чемпионы деген атағы бар.

 

Сондай-ақ

ЖАЛҒАС ЖҰМАҒҰЛОВ «Fight Night» РЕЙТИНГІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жалғас Жұмағұлов Fight Nights Global тұжырымының жаңартылған рейтингінде көш бастады, – …

Добавить комментарий