Басты бет / Әлем / ДОПИНГ ДАУЫ БЕЛОРУССИЯ МЕН РУМЫНИЯҒА ЖЕТТІ

ДОПИНГ ДАУЫ БЕЛОРУССИЯ МЕН РУМЫНИЯҒА ЖЕТТІ

Ескек есу

Ескек есу спорты бойынша Белоруссия мен Румыния спортшылары Рио олимпиадасынан шеттетілді.

Сәуір айында жүргізілген тексеріс барысында Румынияның 11 ескекшісі допинг пайдаланғаны анықталды. Сынамаладың көп бөлігінен «мельдоний» табылған. Халықаралық ескек есу федерациясы Белоруссия елінің 5  спортшысы Франция елінде өткізген оқу-жаттығу жиындарында допинг пайдаланғандарын мәлімдеп отыр. Қос құрамаға да бір жыл көлемінде барлық халықаралық додаларға қатысуға шектеу қойылды.

Белоруссия құрамасының Франция еліндегі оқу-жаттығу жиыны барысында жергілікті антидопингтік орталық келіп тексеру жұмыстарын жүргізген. Белоруссия құрамасының бас бапкері Владимир Шантарович спортшылардың мельдоний қабылдағанын растады. Бірақ ол кезде мельдоний тыйым салынған препараттар қатарында болмаған.

Белоруссия каноэ және ескек есу құрамасы осы уақытқа дейін Олимпиада ойындарына 12 лицензия ұтып алған болатын. Ұлттық құрама мүшелері Андрей мен Александр Богдановичтар 1000 метрлік жұптық каноэда 2008 жылғы Пекин Олимпиадасының чемпиондары, Лондон олимпиадасының күміс жүлдегерлері болып табылады.

Белоруссия елінің президенті Александр Лукашенко: «спортшылар расымен рұқсат етілмеген препараттар қолданса лайықты жазасын алсын, бұл бүкіл елді масқара қылғандары»,-деді

 

 

 

Сондай-ақ

ФУТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Футболдан Қазақстан чемпионатының маусымы басталып, алғашқы тур нәтижелері ресми түрде тіркелді. Турдың алғашқы голын «Ертіс» …

Добавить комментарий