Басты бет / Басқа түрлер / ВОЛЕЙБОЛ АҢЫЗЫ ЖАНБЕК САУРАМБАЕВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ

ВОЛЕЙБОЛ АҢЫЗЫ ЖАНБЕК САУРАМБАЕВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ

 

Жанбек Саурамбаев

Аты аңызға айналған қазақстандық және кеңестік волейболшы, КСРО-ның және ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Жанбек Саурамбаев 77 жасында дүние салды.

ҚР Волейбол федерациясының хабарлауынша, Саурамбаев 24 қазан күні қайтыс болған. Жаназасы 27 қазан күні 10:00-12:00 аралығында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Жанбек Саурамбаев алматылық танымал «Буревестник» клубының капитаны болған, ол клуб құрамында жүргенде Кеңес одағының чемпионы (1969) және Еуропа чемпиондары Кубогының екі дүркін иегері (1970, 1971) болған.

Сонымен бірге, Жанбек Саурамбаев Еуропа чемпионатында жеңіске жеткен, Әлем Кубогының иегері болған және әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған КСРО құрамасы сапында ойын ойнаған. 1972 жылы ойындық мансабын аяқтаған Жанбек Нығметұлы табысты волейбол бапкері болды, Кувейт пен Қазақстанда жұмыс істеді. Алғаш рет Қазақстан Паралимпиада құрамасын әлемдік спорт аренасына алып шықты.

Профессор Жанбек Саурамбаев 40 жылдан астам өмірін педагогикалық қызметке арнады, Архитектура-құрылыс институты мен Қазақ политехникалық институтында дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі болды. Сіңірген еңбегі мен жетістіктері үшін, Қазақстан және КСРО волейболына қосқан ерекше үлесі үшін Жәнібекхан Саурамбаев бірнеше рет мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Сондай-ақ

2017 ЖЫЛҒЫ ЕҢ ҮЗДІК ДЖИУ-ДЖИТСУШЫЛАР

Өткен 2017 жылғы қортынды бойынша «Ең үздік спортшы – 2017 жыл» номинациясы бойынша спортшыларды жас …

Добавить комментарий