Басты бет / Мақала / ФУТБОЛ АҢЫЗЫ ТУРАЛЫ 10 ДЕРЕК

ФУТБОЛ АҢЫЗЫ ТУРАЛЫ 10 ДЕРЕК

 

Атақты бразилиялық футбол «корольі» туралы 10 дерек:

1. Пеле Бразиялия ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы ойынын 15 жасында ойнаған. Алғашқы ойынында покер авторы атанды.

2. 17 жасында әлемдегі ең жас әлем чемпионы атанды. Финалда жарыс қожайындары Шведтерге қарсы екі голдың авторы атанды.

3. Пеле 1995 жылы Бразилия елінің спорт Министрі болып сайланды. Бұл қызметті ол үш жыл атқарды.

4. 1998 жылы Британ мемлекетінің орденімен марапатталды.

5. 1969 жылдың 19 қарашасында Пеле өзінің 1000-шы голын салды. Қуаныштан алаңға жүгірген жанкүйерлерді тыныштандыру үшін жарты сағат уақыт кеткен. Содан бері 19 қараша «Пеле күні» деп аталады.

6. Жаңа Пеле қашан пайда болады деген сұраққа бразилиялық «ешқашан» деп жауап береді.

7. Бразилияда оны «Pérola Negra» деп атайды, мағынасы «қара маржан».

8. Пеле 92 хет-триктің, 31 покердің авторы. Алты ойында бес гол соққан. Бір ойында сегіз гол авторы атанған.

9. Пеле мен Гарринча бірге ойнаса Бразилия құрамасы ешқашан жеңілмейді.

10. 1967 жылы Нигерия елінде 48 сағат тыныштық орын алған. Себебі «Сантос» құрамасы келді. Барлығы құрама мүшесі Пелені көру үшін жанжалды ұмытқан.

Сондай-ақ

АТЫРАУДА ТАЕКВОНДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Атырау қаласында таеквондодан 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын көтерді. Ел біріншілігіне …