Басты бет / Бокс / ӘЙЕЛДЕР БОКСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНУЫ КЕРЕК

ӘЙЕЛДЕР БОКСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНУЫ КЕРЕК

 

әйелдер боксы

Қазақстан мұсылмандар одағы мен Орта Азия мұсылман елдері комитеті әйелдер боксына тыйым салу туралы үндеуін Қазақстан Республикасы Олимпиадалық Комитетінің президенті Тимур Құлыбаевқа жеткізді.

«Нәзік жандылардың бұндай күш қолданатын сайыстарға қатысуы жалпы адами мәдениетке қайшы және денсаулыққа аса қауіпті. Бұндай спортты насихаттау жабайылық және ұлттық дәстүрімізге сай келмейді» — делінген хатта.

Қазақстан мұсылмандар одағы Қазақстан Республикасы Олимпиадалық Комитеті бұл жағдайға көз жұма қарамай, тиісті шаралар қолдануы тиіс.

«Біз әлем алдында өз ұстанымымызды нақты жеткізе білуіміз керек. Бұндай дұрыс шешімнен соң Қазақстанның беделі арта түспек. Тек дұрыс жолды көрсете білуіміз керек, — деп санайды құқық қорғаушылар.

Бұл хат Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахқа да жеткізілген.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мұсылмандар одағы бұдан бұрын 2024 жылға дейін Олимпиада ойындарынан мүлдем бас тартуды ұсынған болатын.

Сондай-ақ

РЕНАТ АБДУЛИН — СЕРІК ЖЕЙЛІТБАЕВ АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТЫҢ ИЕГЕРІ

«Оқжетпес» футбол клубының тәжірибелі қорғаушысы Ренат Абдулин 2013 жылы бекітілген жыл сайынғы Серік Жейлітбаев атындағы …

Добавить комментарий