Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Күрес / КҮРЕСТЕН ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНҒАН ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ

КҮРЕСТЕН ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНҒАН ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ

 

Эльмира Сыздықова

Қыздар арасындағы күрестен Олимпиада жүлдесін тұңғыш қазақ қызы  Эльмира Сыздықова иемденді.

69 келі салмақта сынға түскен балуан қызымыз 1/16 финалда ресейлік қарсыласы Наталья Воробьеваға 4:1 есебімен жеңіліп қалды. Воробьеваның финалға жетуі Сыздықоваға жұбаныш белдесуіне мүмкіндік сыйлады.

Екінші жұбаныш белдесуінен бастаған Сыздықова моңғолиялық Қарсыласы Очирбатын Насанбурмааны 3:2 есебімен ұтты. Қола үшін болған кездесуде мысырлық Энас Мостафаны 7:4 есебімен жеңді.

Сөйтіп, Қыздар күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері – Эльмира Сыздықова атанып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін  2008 жылы Бейжіңде Елена Шалыгина (63 келі), 2012 жылы Лондонда Гүзел Манюрова (75 келі) қола алған болатын.

Сондай-ақ

БЕЙБІТ ШУМЕНОВ ТУҒАН ҚАЛАСЫ ШЫМКЕНТКЕ ОРАЛДЫ

16 ақпан күні кәсіби боксшы, жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақта әлем чемпионы Бейбіт Шуменов …

Добавить комментарий