Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Ауыр атлетика / АУЫР АТЛЕТИКА. АРЛИ ЧОНТЕЙ ТӨРТІНШІ

АУЫР АТЛЕТИКА. АРЛИ ЧОНТЕЙ ТӨРТІНШІ

 

Арли Чонтей

Ауыр атлетика спорты бойынша 56 кг салмақта жеңімпаздар анықталды. Қазақстандық Арлей Чонтей жүлдеге сәл жетпей, төртінші орынды қанағат тұтты.

56 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін зілтеміршіміздің алғашқы жаттығудағы үздік көрсеткіші – 130 келі салмақ болды. Үшінші мүмкіндігінде 132 келі салмақты еңсере алмады. Нәтижесінде, серпе көтеру қорытындысы бойынша, отандасымыз 5-орынға табан тіреді.

Ал жұлқа көтеруде Арли Чонтей алдымен 148 келіні оңай бағындарғанымен, соңғы екі мүмкіндігінде 153, 154 келі батпан темірді көтере алмады. Осылайша, ол қоссайыстың қорытындысы бойынша, (130+148) 278 келі салмақпен 4-орынды иеленді.

Арли жарыс біткен соң жұлқа көтеруде өзін нашар сезінгенін айтты.
«Медаль алуға сәл ғана жетпей қалдым. Жұлқа көтеруде аздап басым айналып, өзімді жайсыз сезіндім. Соның салдарынан, ойдағыдай шықпады. Қазір жақсымын», — деді.

Еске салсақ, ерлер арасында 56 келіге дейін салмақта жеңімпаз атанған Қытай өкілі Лун Циньцюань серпе көтеру жаттығу бойыншы 170 келіні бағындырып, Олимпиада ойындарының рекордын жаңартты.

Сондай-ақ

САҒАДАТ РАХМАНҚҰЛОВ ДЕБЮТІН СӘТТІ БАСТАДЫ

Сағадат Рахманқұлов АҚШ-тағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті Орта салмақтағы қазақ боксшысы Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой рингтегі …

Добавить комментарий