«Астана» УЕФА Еуропа Лигасы плей-офф кезеңі аясында АПОЭЛ (Кипр) қарсы өз алаңында өткізетін жауапты ойынға билеттер құнын бекітті. Барлық билеттер 3 санатқа бөлінген: 1000 теңге (1 санат), 2000 теңге (2 санат) және 3000 – 5000 теңге (1 санат).
УЕФА Еуропа Лигасы плей-офф кезеңі аясындағы «Астана» — АПОЭЛ (Кипр) арасындағы матч 30 тамыз күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталу уақыты 20.00-де.
Билеттер бүгіннен бастап ticketon.kz сайтында онлайн сатылымда.
«Астана – Арена» стадионы кассаларының жұмыс кестесі:
25 тамыз – 14.00 мен 20.00 аралығы
26 тамыз – 14.00 мен 20.00 аралығы
27 және 29 тамыз – 12.00 мен 20.00 аралығы
30 тамыз – 11.00 мен 21.00-ге дейін
Дереккөз: FCAstana.kz