Хулен Лопетегидің шәкірттері «Хетафемен» өткен жаңа маусымның бірінші ойынында ешқандай қиындықсыз 2:0 есебімен жеңіске жетті.
«Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен ойында, Испания чемпионатында жеңімпаз атануға үміткер командалардың бірі «Реал Мадридтің» ойыншылары Карвахаль мен Бэйл «Хетафе» қақпасына гол соғып көзге түсті.
«Реал Мадрид» 2:0 «Хетафе»
Голдар: 20′ Карвахаль, 51′ Бэйл.
«Реал Мадрид»: Навас — Карвахаль, Рамос, Начо, Марсело — Себальос (Модрич 71′), Кроос, Иско (Каземиро 57′) — Бэйл (Васкес 77′), Бензема, Асенсио.
«Хетафе»: Сория — Суарес, Гонсалес, Даконам, Кабрера — Портильо (Алехо 64′), Арамбарри, Сибасаки, Максимович, Ндиайе (Мата 57′) — Молина (Родригес 71′).
Сурет: Getty Images сайтынан