ESPN телеарнасының тілшісі Дэн Рафаэль, Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесуге байланысты өз пікірін білдірді.
«Егер GGG 15 қыркүйекте Канело жеңсе және WBC белбеуін өзінде сақтап қалғысы келсе, онда оған Чарломен жекпе-жек өткізу міндетті болады», — деп жазады Дэн Рафаэль.
Айта кетсек, Головкин орта салмақта WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Ал Чарло, Головкиннің WBC нұсқасы бойынша міндетті қарсылас болып табылады.