Басты бет / Әлем / МЭННИ ПАКЬЯОНЫҢ КӘСІБИ МАНСАБЫНДА ТАПҚАН ҚАРАЖАТЫ ЕСЕПТЕЛДІ

МЭННИ ПАКЬЯОНЫҢ КӘСІБИ МАНСАБЫНДА ТАПҚАН ҚАРАЖАТЫ ЕСЕПТЕЛДІ

Филиппиндік Entrepreneur басылымының тілшілері филиппиндік аңыз боксшы Мэнни Пакьяоның (60-7-2, 39 КО) кәсіби мансабының негізгі бөлігінде, ашық мәліметтер мен инсайдерлік жаңалықтарды пайдалана отырып, оның шамамен қанша қаражат тапқанын зерттеп инфографикке түсірді.

Басылымының хабарлауынша, 39 жастағы «Пакмэн» банктік есеп шотын шамамен 420 миллион долларға толтырған (тек жекпе-жек үшін төлемдер мен PPV төлемдері енді, жарнамалық кіріс есепке алынбады). Бұл жерде Мэннидің соңғы өткізген, Лукас Маттиссеге қарсы жекпе-жегінде тапқан қаражаты қосылмады. Пакьяо Маттиссені жеңіп, жартылай орта салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған болатын.

Филиппиндік бұл сомманың төрттен бірін 2015-ші жылы америкалық кіші Флойд Мейвезарден есеп бойынша ұтылған жекпе-жегінде тапты.

Бұл 420 миллион доллар, тек ең төменгі есептеулер бойынша шыққан қаражат. Ал 2016-шы жылдың жазында американдық Forbes журналы, Мэнни Пакьяоның тапқан қаражаты жарты миллиард доллардан асып кеткенін хабарлаған болатын.

Сондай-ақ

КХЛ КЛУБЫ ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КУБОГЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

9-12 тамыз аралығында Астанадағы «Барыс-Арена»-да хоккейдан Қазақстан Президентінің Кубогы өтіп, Қазақстан ұлттық құрамасы және Континенттік …