Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА МЕШІТКЕ КЕЛУШІ ЖАМАҒАТТАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕ БАСТАЛДЫ

АЛМАТЫДА МЕШІТКЕ КЕЛУШІ ЖАМАҒАТТАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕ БАСТАЛДЫ

Алматыда қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Асыл мұра» бағдарламасының жаңа маусымы басталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бұл бағдарлама барша мұсылмандардың мейрамы Ораза айттың бірінші күні бастау алады. Ашылу салтанаты таңғы сағат 07:00-де қаладағы Пушкин көшесі, 16 мекен жайы бойынша орналасқан Орталық мешітте өтеді.

Кез келген қала қонақтары мен осы мешітке келуші жамағаттардың алдында бағдарламаның ашылу салтанаты концерттік бағдарламамен басталып, акробаттардың өнерімен аяқталады.

Сонымен қатар, кез келген келуші қошқар көтеру, асық ату, бағанаға шығу, арқан тарту, гір көтеру спорт түрлерінен өз күштерін сынап, бағалы сыйлықтарға ие бола алады.

Сондай-ақ, мешітке келушілерге айт мейрамының мерекелік дастарханы жайылады.

Ал маусымның 16-і күні осы бағдарлама аясында мешітке келуші жамағаттар арасында футбол лигасы басталады. Almaty Arena стадионында өтетін ойындарға барша Алатау ауданы мешіттерінің жамағаттары қатыса алады. Басталуы сағат 09:00-де.

Осы жолы лиганың жалпы жүлде қоры 1 млн. теңгені құрайды. Қатысу тегін.

Сонымен қатар, осы күні футболдан бөлек барша көрермендерге арналған тамақтану және белсенділік пунктары да қызмет атқарады. Олар леңгі тебу, бамперболдан өз бақтарын сынауға мүмкіндік алады.
Айта кетер жайт , өткен маусымда осы футбол лигасының жеңімпазы болып «Төле би» (Алмалы ауданы) мешіті атанған болатын. Ойындар әр сенбі және жексенбі сайын қаламыздың футбол алаңдарында күнтізбеге сәйкес өткізілетін болады.

Сондай-ақ

АУЛА ЛИГАСЫ ЕКІ КҮНДЕ 1000-ҒА ЖУЫҚ ФУТБОЛ ӘУЕСҚОЙЛАРЫН ЖИНАДЫ

Осы сенбі және жексенбі күндері «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан аула командалары арасында лига өтті, …

Добавить комментарий