Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА ЖЕТІНШІ ВЕЛОШЕРУ ӨТЕДІ

АЛМАТЫДА ЖЕТІНШІ ВЕЛОШЕРУ ӨТЕДІ

Маусымның 17-і күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында қалада жетінші велошеру өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Кез келген қала тұрғындары мен қонақтары таңғы сағат 08:30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында жиналып, ұйымдастырушылардан бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотореяның нөмірлерін алады. Велошеру сағат 09:00-де басталады.

9 шақырым қашықтықты құрайтын бағыт Сейфуллин, Абай, Достық, Шевченко, Мұқанов көшелерін қамтып, М. Әуезов атындағы драма театры маңында  аяқталады. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылады.

Ұйымдастырушылар өз тарапынан, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығың ескертеді.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында  2018-ші жылы жоспарланған 21 велошерудің жетіншісі болып табылады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы  алып шаһарда  бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылып келеді.

Сондай-ақ

АУЛА ЛИГАСЫ ЕКІ КҮНДЕ 1000-ҒА ЖУЫҚ ФУТБОЛ ӘУЕСҚОЙЛАРЫН ЖИНАДЫ

Осы сенбі және жексенбі күндері «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан аула командалары арасында лига өтті, …

Добавить комментарий