Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Джиу-Джитсу / ДЖИУ-ДЖИТСУШЫЛАР ТАЙЛАНДТАН 9 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

ДЖИУ-ДЖИТСУШЫЛАР ТАЙЛАНДТАН 9 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

8-10 маусым аралығында Тайланд елінде Джиу-джитсу спортынан «Thailand Open 2018» Халықаралық турнирі өтті.

Халықаралық рейтингтік «Thailand Open International Tournament» турнирінде Азияның 15 мемлекетінен 400-ге жуық спортшы қатысты. Ұлттық құрама мүшелері жақсы өнер көрсетіп, жалпы есепте 5 алтын, 1 күміс, 3 қола медальді қанжығаға байлады.

Сейдуәлі Нұржан, Нортаев Дархан, Нұртақанов Олжас және Құсаинов Рамазан (файтинг, не-ваза) қарсылас шақ келтірмей, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Гаврилюк Андрей күміс жүлдегер атанса, Қонысов Қуандық, Мекенбаева Арайлым және Дуванова Галина қола жүлдеге ие болды.

Бұл нәтижемен Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынды еншіледі.

Фото Ассоциация джиу-джитсу Казахстана.

Фото Ассоциация джиу-джитсу Казахстана.

Фото Ассоциация джиу-джитсу Казахстана.

 

Сондай-ақ

АУЛА ЛИГАСЫ ЕКІ КҮНДЕ 1000-ҒА ЖУЫҚ ФУТБОЛ ӘУЕСҚОЙЛАРЫН ЖИНАДЫ

Осы сенбі және жексенбі күндері «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан аула командалары арасында лига өтті, …

Добавить комментарий