Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Күрес / МОҢҒОЛИЯДА ҚАЗАҚТЫҢ БАЛУАН ҚЫЗЫ ҚАРСЫЛАС ШАҚ КЕЛТІРМЕДІ

МОҢҒОЛИЯДА ҚАЗАҚТЫҢ БАЛУАН ҚЫЗЫ ҚАРСЫЛАС ШАҚ КЕЛТІРМЕДІ

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда еркін және әйелдер күресінен «Mongolia Open» халықаралық турнирі мәресіне жетті.

Жарыстың алғашқы күні жүлдесіз қалған қыздар құрамасы бүгін ел қоржынына бірден төрт медаль салды. Атап айтсақ, 76 келіде күрескен Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздыкова финалда моңғолиялық балуанды ұтып, турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды. Дәл осы салмақта күрескен Гулмарал Еркебаева қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды olympic.kz.

68 келідегі Жамилә Бақбергенова мен 53 келідегі Айгүл Нуралім тиісінше күміс және қола медальдарды жеңіп алды. Айта кетейік, Айгүл қола медаль үшін белдесуде қазақстандық тағы бір бойжеткен Мадина Рамазановамен шығуы керек болатын. Алайда, Мадинаның жарақатына байланысты жеңіс Айгүлге берілді.

Ерлер арасындағы бәсекеде Қуат Әміртаев (61 келі) пен Олег Болтин (125 келі) «Mongolia Open» турнирінің қола жүлдегерлері атанды.

Әсет Серікбаев жаттықтыратын құрама жарыстың алғашқы күнінде 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алған болатын. 86 келідегі Әсет Дәуленбаев пен 97 келідегі Бақдәулет Әлментай өз салмақтарында чемпион атанды. Ал Саятбек Оқасов (65 келі) пен Данияр Қайсанов (74 келі) өз кезегінде күміс және қола жүлдегерлер атанды.

Сондай-ақ

«РЕАЛ МАДРИД» ЖАҢА МАУСЫМНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОЙЫНЫНДА СЕНІМДІ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Хулен Лопетегидің шәкірттері «Хетафемен» өткен жаңа маусымның бірінші ойынында ешқандай қиындықсыз 2:0 есебімен жеңіске жетті. …